АймақБас тақырыпБұқар жырау

Жастар – Қазақстан дамуының басты драйвері

Президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаевтың биылғы 8 қыркүйектегі Қазақстан халқына Жолдауы жастар арасында қоғамдық сана мен патриотизмді ұғынып, түсінуде маңызды ілгерілеу барын атап көрсетті. Бүгінде жаңа буын ұрпақ үшін Отанға деген сүйіспеншілік – жалаң ұрандар емес, нақты жасампаз іс-қимыл, яғни стартаптар, инновациялар, ғылымға, кәсіпкерлікке қосқан үлесі.

Мұндай көзқарас ХХІ ғасырда патриотизмнің іс жүзінде қоғамға пайдалы болу мен елімізді дамытуға ұмтылыстардан көрінеді. Әсіресе, Президентіміздің қазіргі жастарымыздың радикализм мен агрессивті ұлтшылдықты қабылдамайтынын айтқаны ерекше бағалы. Бұл салиқалы азаматтық сананы қалыптастырып, онда басты құндылықтар әділдік, прогресс және жауапкершілік болады.

Терең өзгерістер мен технологияны дамытуға құлшыныс жағдайында, жасанды интеллектіні қоса алғанда, дәл осы жастарымыз Қазақстан жаңаруының басты драйверіне айналмақ. Олар ғылым-білімге және цифрлық дағды-машыққа сүйене отырып, әлемдік өзгерістерге тезірек бейімделе алады. Сонымен бірге дәстүрлер мен тарихтың сабақтастығына ден қою өткенге құрметпен қарау мен болашаққа ұмтылыстың арасында тепе-теңдік орнатады. Мұның өзі дамудың әмбебап қағидасына сәйкес келеді:тамырынан қол үзбей, алға қарау.

Мемлекет басшысы сондай-ақ жаңғырту ісі әділ заңдар, құзырлы билік пен белсенді азаматтық қоғам болмайынша шешілуі мүмкін еместігін орынды айтты. Бұдан мемлекет пен қоғам бірге адымдап, жағдай жасалғанда, ынталы жастар өз қабілет-қарымын көрсете алатынын байқаймыз.

Президентіміздің Қазақстан халқына кезекті Жолдауын ұрпақтар сабақтастығына – алдыңғы толқын аға-апалардың табандылық пен тәжірибені , жастардың күш-жігер мен инновацияны қамтамасыз етуі деп қарастыруымыз керек. Егер бұл тепе-теңдік сақталатын болса, Қазақстан, шын мәнінде, сенімді алға басып, әлемдік қауымдастықта өзінің лайықты орнын алатыны күмәнсіз.

Шахвели ҚҰРБАНОВА,
Бұқар жырау аудандық мәслихатының депутаты

Басқа материалдар

Back to top button