Жастар арасындағы нашақорлықтың алдын алу: Қарағандыда мазмұнды кездесу өтті
Қарағанды техникалық-құрылыс колледжінде студенттерге арналған нашақорлықтың алдын алу бойынша кездесу ұйымдастырылды.
Іс-шараны Қарағанды қаласының Жастар ресурстық орталығы мен облыстық Полиция департаменті бірлесіп өткізді. Бұл мемлекеттік органдар мен жастар ұйымдарының өзара ынтымақтастығының маңызды үлгісі болып, өскелең ұрпақты әлеуметтік қатерлерден қорғауға бағытталды.
Кездесу барысында «Жаңа түрдегі есірткілер және жастар арасындағы нашақорлық проблемасы» тақырыбы қозғалды. Студенттерге синтетикалық есірткінің жаңа түрлері, олардың ағзаға тигізер зияны мен құқықтық салдары туралы деректер берілді. Полиция қызметкерлері есірткіні тұтыну мен сақтаудың қылмыстық және әкімшілік жауапкершілікке әкелетінін түсіндіріп, тәжірибеден алынған мысалдар келтірді.
– Нашақорлық – бұл тек денсаулыққа қауіп төндіріп қана қоймай, бүкіл өмірге әсер етуі мүмкін ауыр құқықтық салдар. Жастардың белсенділік танытып, қызығушылық білдіргені қуантады, себебі дәл осындай білім мен ашық диалог жастарда дұрыс құндылықтарды қалыптастырып, оларды зиянды әдеттерденқорғауға көмектеседі, – деп атап өтті полиция подполковнигі Мұстафаев Бақытжан.
Ұйымдастырушылардың айтуынша, мұндай кездесулер жастарда салауатты өмір салтына деген көзқарасты нығайтып, зиянды әдеттерге қарсы тұрақты иммунитет қалыптастыруға ықпал етеді.
Жамал АКПАРОВА