Жастарға заң мен жауапкершілік туралы тағылымды кездесу өтті
«Заң мен Тәртіп» тұжырымдамасын іске асыру аясында Қарағанды облысының қылмыстық жазаларды орындау заңдылығын қадағалау жөніндегі мамандандырылған прокуратурасы Білім басқармасымен және Қарағанды облысының Қылмыстық-атқару жүйесі департаментімен бірлесіп, қылмыстық-атқару жүйесі мекемелері мен академик Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды ұлттық зерттеу университетінің студенттері арасында телекөпір ұйымдастырды.


Кездесу барысында сотталған азаматтар өздерінің өмірлік тәжірибелерімен бөлісіп, жіберген қателіктері мен ойланбай қабылданған шешімдердің ауыр салдары туралы айтты. Олар бір ғана теріс таңдау адамның бүкіл болашақ өміріне қалай әсер ететінін нақты мысалдар арқылы түсіндірді.



Іс-шараның негізгі мақсаты – жастар арасында заңға бағынатын мінез-құлықты қалыптастыру, құқықтық мәдениетті арттыру және студенттер арасында құқық бұзушылықтардың алдын алу.
Материалды әзірлеген Аида РАХЫМҚҰЛОВА



