ЖаңалықтарЗаң және тәртіп

Жастарға құқықтық сауаттылықты арттыру жайлы түсіндірілді

«Заң және тәртіп» тұжырымдамасын іске асыру аясында «Құқықтық тәртіп әліппесі» жобасы бойынша жұмыс жалғасуда. Осы орайда Қазтұтынуодағы Қарағанды экономикалық университетінде студенттермен профилактикалық кездесу өтті.

Суреттерді түсірген автор

Кездесуді Қарағанды облысының прокуратурасы Полиция департаменті мен облыс әкімдігінің өкілдері бірлесіп ұйымдастырды.
Іс-шара жастар арасында қылмыстың алдын алу, құқықтық сауаттылықты арттыру және ақпараттық қауіпсіздік мәселелеріне назар аудару мақсатын көздеді.
Кездесуде сөйлеген сөзінде облыс прокурорының орынбасары Еділ Жұбанов жастардың кей жағдайларда қылмыстық топтар тарапынан заңсыз әрекеттерге тартылатынын, бопсалау мен қорқытуға ұшырайтынын атап өтті. Осыған байланысты студенттерге мұндай қауіптердің алдын алу жолдары егжей-тегжейлі түсіндірілді.


Шара барысында жеке деректерді қорғау, интернеттегі қауіпсіздік ережелерін сақтау жөнінде нақты ұсыныстар берілді.
Ал, Университет ректоры Ерқара Аймағамбетов мұндай кездесулер жастар мен мемлекет арасындағы өзара сенімді нығайтып, жас ұрпақтың заңға деген құрметін қалыптастыруда маңызды рөл атқаратынын атап өтті.
Кездесу аясында профилактикалық бейнежазба көрсетіліп, дәрістер мен интерактивті ойындар ұйымдастырылды. Студенттер тарапынан белсенділік өте жоғары болды. Олар ойындарға қатысып, сұрақтарға жылдам жауап беріп, қырағылық танытты. Ұйымдастырушылар оларға естелік сыйлық табыстады.
Іс-шара соңында университет басшылығы мен студенттер құқық қорғау органдарының өкілдеріне алғыс білдіріп, алдағы уақытта осындай кездесулерді жалғастыру жөнінде ұсыныс айтты.

Жәлел ШАЛҚАР
«Ortalyq Qazaqstan»

Басқа материалдар

Back to top button