АймақЖаңалықтарШахтинск

Жастарға Шахтинск қаласы әкімінің сыйлығы мен гранттары берілді

Бүгін Шахтинск қалалық Мәдениет сарайында өз саласында жетістікке жеткен жас буын өкілдеріне қала әкімінің “Жастар” сыйлығы мен олардың кәсіпкерлігін дамыту үшін гранттар берілді.

Сурет ұйымдастырушылардан

Осымен он сегізінші жыл түрлі аталымда беріліп келген бұл сыйлыққа биыл бірінші рет “Батыл жүрек” аталымы қосылып, оларды қаладағы мекеме мен ұйымдар басшылары табыстады.
Атап айтқанда, мадақтама қағазы мен 300 мың теңгенің ақша сертификатын “Батыл жүрек” аталымында  Болат Өтебаев, “Жыл волонтері” аталымында Владислав Цыганков пен Андрей Рафф, “Жылдың үздік оқушысы” аталымында Жансая Ғани мен Руслан Күлмағамбетов, “Жас өнер қайраткері” аталымында Мансұр Айтанов, “Жылдың жас спортшысы” аталымында Алан Дүйшенқұл, “Жұмысшы мамандығының таңдаулы жас өкілі” аталымында Марина Пономаренко, “Халық таңдауы” аталымында Инсар Сайрам, “Гран-При” аталымында Данил Гайер алды.
Ал өз кәсібін ашып, бизнеспен шұғылданғысы келетін жастарға арналған 1 500 000 мың теңгенің ақша сертификаттары Ольга Бондарева, Евгения Сурмай, Серікгүл Шаймерденова, Альбина Қасымова сияқты 15 жас жігіт пен қызға табыс етілді.
Шахтинск қаласы әкімінің жылдағы “Жастар” сыйлығы мен гранттарын тапсыру сәтінде жергілікті өнерпаздар ән мен күйден шашу шашты.

Ержан ИМАШ
ШАХТИНСК

Басқа материалдар

Back to top button