Ресми

Жастарға сергектік жарасады

Өзінен кейін келетін буынды тәрбиелеу, баптау – аға буын алдындағы маңызды міндеттің бірі. Үкілеген жастар бастаған ісіңді әрі қарай абыроймен көтере алса – мақсатыңызға жеткеніңіз. Қазақстан халқы Ассамблеясы бұл күнде осы міндетті орындауға білек сыбана кіріскен. Оң қанатында «Ассамблея жастары» республикалық қоғамдық бірлестік сәтті жұмыс істеп жатыр. Осы мерекелік санда Ассамблея жастарының еңбегін атап өткенді жөн көрдік. Су тасқынынан зардап шеккен ауылдарға лек-легімен гуманитарлық көмекті жіберген осы Ассамблея мен жалынды жастары еді.

Сурет ҚХА жеке мұрағатынан

«Ассамблея жастары» 2022 жылдың қаңтарында құрылған. Бүгінде 6 негізгі бағыт бойынша жұмыс атқаруда. Жастарды әлеуметтік жағынан қолдау мақсатында «Social Assembly» жобасын қолға алған. Мұнда жастарды жұмысқа орналастыруға, білім алуларына жағдай жасауға басымдық беріледі. Екінші бағыт – «Бірлік тілі». Бұл бағытта Ассамблея құрамындағы жастарға мемлекеттік тілді үйретеді. Яғни, жастарға қазақ тілін білу міндеттелген. Осылайша мемлекеттік тілдің қуатты болуына ықпал жасалуда. Президент Ұлттық Құрылтайдың үшінші отырысында тарихи жәдігерлердің сақталуына айрықша тоқталған еді. Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасын қолдап, Ассамблея жастары «Ел мұрасы» деген бағытта жұмыстарын бастап кеткен. Жастар Арқадағы тарихи орындар мен жәдігерлердің сақталуына өз үлестерін қосуда. «Таза орта» бағытындағы еріктілер өңірдегі экологияны жақсарту және қоршаған ортаны сақтау үшін еңбек етуде. Жас буынның патриоттық рухын көтеру мақсатында «Қасиетті парыз» жобасы қолға алынған. Жастарды медиа жобаларды жасауға үйрететін «Jastar media» жобасы да бар.

2023 жылы Қарағанды облысындағы «Ассамблея жастары» 4000-нан астам адамды қамтитын 86 іс-шара өткізді. Іс-шараларды ұйымдастыру және өткізу үшін 1,5 млн. теңгеден астам демеушілік және гранттық қаражат тартылды. «Ассамблея жастары» құрамындағы еріктілер лигасы жыл бойы «Birgemiz: Taza Alem», «Birgemiz: Qamqor», «Birgemiz: Umit» жалпыұлттық жобаларды жүзеге асырумен айналысты. Өткен жылы өкілдіктің еріктілері жалғыз тұратын зейнеткерлерге тұрмыста көмек көрсетуге бағытталған 50-ден астам акция, демалыс аймақтарын тазарту және ағаш отырғызу бойынша 10-нан астам акция, интернет алаяқтық, төтенше жағдайларда жүріс-тұрыс ережелері және т.б. бойынша ақпараттық-түсіндіру акцияларын өткізді.
Атқарылған жұмыстардың тізіміне қарап отырып, «Ассамблея жастары» үшін былтырғы жыл өте нәтижелі болғанын көреміз.

Мәселен, мамыр және қыркүйек айларында облыстың «КиноNIGHT» волонтерлік және жастар ұйымдары үшін дәстүрлі тимбилдингтік іс-шаралар өткізіліпті. Қарағанды қаласының Жастар ресурстық орталығымен бірлескен қызметті жүзеге асыру аясында қазан айында «jastar Birge» қалалық штабының еріктілер слеті ұйымдастырылған. Слетке Қарағанды қаласының жоғары оқу орындарынан, колледждерінен, мектептерінен және еріктілер ұйымдарынан 50 ерікті қатысқан. Слет спикерлері ретінде белгілі еріктілер мен қоғам қайраткерлері шақырылған. Желтоқсан айында 200 адам қамтылған еріктілер форумы да сәтімен өтті. Сонымен қатар, Лига жиналыстары мен отырыстары апта сайын аралас форматта (онлайн, офлайн) өткізіледі екен.

Ерік НАРЫН,
Ortalyq.kz

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button