Жастарға сайлау жүйесі түсіндірілуде
Бүгін Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының Төрағасы Нұрлан Мәжитұлы Әбдіров Қарағанды облысының студенттерімен кездесу өткізді. Нұрлан Мәжитұлы жастарға «Қазақстандағы сайлау жүйесін дамытудың өзекті трендтері» жайлы әңгімелеуде. Е. Бөкетов атындағы Қарағанды университетінің бас ғимаратындағы кездесуде Қарағанды облысының саяси партиялары және Үкіметтік емес ұйымдар өкілдері де қатысты.
Нұрлан Мәжитұлы жастармен кездесуінде сайлау жүйесінің мәні мен мазмұнын түсіндіріп, 30 жылда елімізде 39 ірі сайлау өткенін тілге тиек етті.
– «Жастар – қоғамның үлкен құрамдас бөлігі, қозғаушы күші. Қазіргі таңда жастардың сайлау процесі мәселелерінің кең спектрі төңірегінде пікірлері мен ұсыныстарына мән береміз, – деді Нұрлан Әбдіров.
Кездесуде ұзақ жыл облыстық сайлау комиссиясының төрағасы қызметін атқарған Ерқара Аймағамбетов Орталық сайлау комиссиясының «Сайлау органдары жүйесiн дамытуға қосқан үлесi үшiн» медалiмен марапатталды.
Аяулым СОВЕТ,
ortalyq.kz