Ресми

Жастан — идея, биліктен — қолдау

Бүгінгі жас – Жаңа Қазақстанның жанды бейнесі, ертеңгі ел тізгінін ұстайтын тұлға. Сол себепті, жастар мәселесі қай кезде де күн тәртібінен түскен емес. Соңғы уақытта облыста жастар саясаты маңызды стратегиялық сипат алып келеді. Бұл туралы облыс әкімі Ермағанбет Бөлекпаевтың қатысуымен өткен жастар кеңесінің отырысында айтылды. Жастар бастамашылығын қолдау мақсатында үлестірілетін облыс әкімінің дәстүрлі гранты табыс етілді. Бұдан бөлек кеңес барысында жастар саясатына қатысты бірқатар мәселелер көтерілді. Ол туралы газетіміздің келесі санында толығырақ оқи аласыздар.

Жас өскіннің өсуіне мүмкіндік беру, идеясын іске асыруға жағдай жасауда облыс тағы жақсы үрдістің бірі грант тағайындау. Жастардың бизнес идеясы алуан. Мәселен онда өндеу ісінен бастап, оқыту өнер саласын қамтыған.

Кір сабын өндірісін қолға алған Шыңғыс Қадырбаев (Нұра), жүн өңдеу кәсібін кеңейтпек болған Дархан Залымбаев (Абай), «Art English» өнер және білім студиясы жобасы бойынша Екатерина Бортникова (Теміртау), «GRAND PIANO» фортепиано мектебі жобасымен Абылай Уматов (Қарағанды), «Алғашқы медициналық көмек» оқыту орталығы жобасымен Гүлмира Төреғожина (Қарағанды), «Тауыққа арналған құрама жем өндірісі» жобасымен Талғат Танатов (Қарқаралы), «көлденең бұрғылау» жобасымен Айбол Мұратбеков (Ақтоғай), «Ескерткіштерді безендіру көркем өнер шеберханасы» жобасымен Данил Пышняк (Теміртау), «Графикалық дизайн студиясын ашу» жобасымен Айша Оралбаева (Қарағанды), «Спорттық даму орталығы» жобасымен Анастасия Карпатович (Шахтинск) 2 млн. теңге көлеміндегі грантқа ие болды.

– Әкем екеуіміз сабын өндірісін қолға алдық. Себебі, дүкендегі сабын бағасы қымбаттап кетті. Осы орайда, халыққа қол жетімді бағада өз өнімдерімізді ұсынайық дедік. Шикізатты Қарағанды және Астана қалаларынан аламыз. Ешқандай химиялық қоспаларсыз дайындаймыз,-дейді Нұра кентінің тұрғыны Шыңғыс Қадырбаев.

Жастар – жарқын болашақтың жаршысы, кемел келешегі дейтін болсақ, жастар саясаты қашанда маңызды. Кеңес отырысында атқарылған жұмыстар, көтерілген мәселелер өзінің өзектілігін еш жоғалтпайды. Әрі басты назарда болмақ. Осы орайда оларға зор қолдаудың да қажет екендігі шындық.

Сағыныш ӘБІЛ.

Суреттерді түсірген Еркебұлан ХАДЫЛБЕК.

Ortalyq.kz

Басқа материалдар

Back to top button