Жаңалықтар

Жасанды интеллект және инновациялық даму комитетінің төрағасы тағайындалды

Қазақстан Республикасы цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің бұйрығымен Ғиззат Сейдахметұлы Байтұрсынов ведомствоның Жасанды интеллект және инновацияларды дамыту комитетінің төрағасы қызметіне тағайындалды. Бұл туралы Үкіметтің баспасөз қызметі хабарлады. 

Сурет: ҚР Үкіметі

Ғиззат Байтұрсынов Малайзияның Азия-Тынық мұхиты технологиялар және инновациялар университетін және Д.А.Қонаев атындағы Еуразиялық заң академиясын бітірген. 

Кәсіби мансабын жеке компанияда бағдарламашы болып бастаған.

2019 жылы Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Электрондық индустрияны дамыту департаментінде «Жастар тәжірибесі» бағдарламасына қатысты. 

2020-2023 жылдар аралығында Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Электроника өнеркәсібін және цифрлық активтер индустриясын дамыту департаментінің сарапшысы, бас сарапшысы, басқарма директоры және директорының орынбасары қызметтерін атқарған.

2023 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін ICRIAP электронды индустрияны және цифрлық активтер индустриясын дамыту департаментінің директоры болды. 

Материалды әзірлеген Аида РАХЫМҚҰЛОВА

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button