Бас тақырыпБасты тақырып

Жасанды интеллект қылмысты құрықтайды

Елімізде қылмыстың алдын алу жұмыстары түбегейлі жаңа кезеңге қадам басуда. Құқық бұзушылықтардытіркеп, оларды алдын ала болжау мен ескерту механизмдерін дамыту басты стратегиялық мақсат ретінде белгіленді. Бұл ретте жасанды интеллект пен деректерге негізделген аналитикалық жүйелер қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етудің тиімді құралына айналып келе жатқанын атап айту керек.

Суретті түсірген Жангелді Әбдіғалым

Цифрлық қауіпсіздік – сенімді қоғам кепілі

Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасы Құқықтық статистика және арнайы есепке алу комитетінің төрағасы Сәбит Нұрлыбайдың «Kazinform» агенттігіне берген сұхбатында мәлімдеуінше, ел көлемінде қоғамдық қауіпсіздікке арналған жаңа платформаны іске қосу жоспарланып отыр.
Бұл платформа қылмыстық қауіп-қатер мен қоғамдық қауіпсіздік тәуекелдерін алдын ала болжауға мүмкіндік береді. Жоба аясында арнайы орталық пилоттық режимде жұмыс істей бастаған. Оған ІТ-мамандар, математиктер, дата-аналитиктер және жобалық басқару саласындағы сарапшылар тартылыпты.

– Бүгінгі таңда еліміздің құқық қорғау органдары деректерді қағаз форматынан толық электронды жүйеге көшіріп, төрт ірі ІТ-жобаны – ЕРДР, ЕРАП, ЕРСОП және Аналитикалық орталықты іске қосты. Бұл – жасанды интеллектке негізделген қауіпсіздік жүйесінің техникалық және заңнамалық іргетасын қалап берген маңызды қадам. Ендігіде осы мүмкіндіктерді пайдаланып, қоғамдағы қауіп-қатерді алдын ала болжап, қылмыстың алдын алу шараларын күшейтуді жоспарлап отырмыз, – дейді комитет төрағасы.

Ал, облыстың ішкі істер органдарының басты назары да халықтың қауіпсіздігін арттыру мен құқық бұзушылықтың алдын алуда. Осы бағытта аймақта цифрлық технологиялар белсенді енгізілуде. Солардың бірі – жасанды интеллектке негізделген интеллектуалды бейнеаналитика жүйесі.
Бүгінде Қарағанды қаласының түрлі аумақтарына орнатылған 60 «ақылды» камера тәртіп сақшыларына көмекші құрал ғана емес, сенімді серікке айналды. Бұл камералар адам көп шоғырланатын нүктелерге, атап айтсақ, қоғамдық көлік аялдамаларына, теміржол вокзалдарына және халықаралық әуежай аумағына орналастырылған. Олардың басты ерекшелігі – бейнежазба түсіре отырып, адамның жүзін танып, мінез-құлқындағы агрессия белгілерін, шектен тыс топталу немесе күмәнді іс-әрекеттерді автоматты түрде тіркей алуында. Қарағанды облысы полиция департаментінің бастығы Негмет Исмагуловтың айтуынша, бұл жүйе құқық бұзушылықтың алдын алу мен ашуда елеулі рөл атқарып отыр.
– Жыл басынан бері бейнеаналитика жүйесінің көмегімен 49 құқықбұзушы анықталып, ұсталды, – деді ол.

Қашып құтылу мүмкін емес

Дерекке сүйенсек, жасанды интеллектпен жабдықталған ка-
мералар қоғамдық орындарда ба қылаушы әрі нақты талдаушы қызметін атқарады. Мәселен, вокзал маңындағы камералардың бірі пробациялық бақылауда жүрген, сот шешімімен белгіленген аймақтан заңсыз шығып кеткен Павлодар облысының тұрғынын анықтады. Ал, тағы бір жағдай: алимент төлеуден жалтарып жүрген Қостанай облысының азаматы ұсталды.
Мұндай мысалдар жеке оқиғалар ғана емес, бейнеаналитика жүйесінің құқықтық тәртіпті нығайтудағы нақты тиімділігін аңғартады. Бұл технологиялардың арқасында полиция қызметкерлерінің дер кезінде әрекет етіп, жағдай ушықпай тұрып, қылмысты тоқтатуға мүмкіндігі бар. Ел Президентінің бастамасымен жарияланған «Профилактика жылы» елімізде заң үстемдігін қамтамасыз етуге, құқық бұзушылықтың алдын алуға және азаматтардың қауіпсіздігін күшейтуге бағытталған маңызды шара екенін атап айту керек. Осы мақсатта енгізілген цифрлық шешім-дер мен жасанды интеллектке негізделген технологиялар заман талабынан туындап отыр. Қарағанды облысында бұл
ба ғытта атқарылып жатқан жұмыстар нақты нәтижелер көрсетуде. Байқасақ, полиция департаментінің мамандары атап өт кендей, жасанды интеллект элементтерін қолдану құқық бұзушылықтың алдын алу ісінің тиімділігін бірнеше есе арттырған.

Жаһандық тәжірибе не дейді?

Қоғамдық қауіпсіздікті жасанды интеллект арқылы қамтамасыз ету бүгінде әлемнің көптеген елінде кең таралған тәжірибеге айналды. Мәселен, Қытайда «Skynet» және «Sharp Eyes» атты ауқымды жобалар аясында миллиондаған бейнебақылау камерасы жасанды интеллектпен жабдықталған. Олар азаматтардың бет-әлпетін тану, күмәнді әрекеттерді нақтылау және қылмыскерлерді бірден анықтау мүмкіндігін береді. Осындай жүйенің арқасында іздеуде жүрген қылмыскер мыңдаған адам қатысқан ауқымды концерт кезінде ұсталыпты.
Ал, АҚШ-тың бірқатар қаласында PredPol (Predictive Policing) деп аталатын қылмысты алдын ала болжау жүйесі қолданылады. Бұл жүйе бұрын жасалған қылмыстардың уақыты мен орнына қарай талдау жасап, келесі құқық бұзушылықтың қайда және қашан болуы мүмкін екенін болжайды. Кей аудандарда бұл әдістің нәтижесінде қылмыс деңгейі 20-30%- ға дейін төмендеген. Дегенмен, сарапшылар мұндай жүйелерді енгізу кезінде жеке өмірге қол сұқпау және әлеуметтік әділеттілік принциптерін сақтау маңызды екенін айтады. Қарағанды облысында жүзеге асып жатқан бұл тәжірибе еліміздің өзге аймақтарына да үлгі болары анық. Заманауи технологияларды құқық қорғау саласына
енгізу қазіргі уақыттың қажеттілігіне айналды.

Жәлел ШАЛҚАР,
«Ortalyq Qazaqstan»

 

Басқа материалдар

Back to top button