Бас тақырыпБасты тақырып

Жасанды интеллект білім саласын жарылқай ма?

Жаһанды жаулаған жасанды интеллект қазір барлық салаға батыл  түрде еніп келеді. Мемлекет басшысы биылғы Жолдауында елімізде үш жыл ішінде жаппай цифрлы елге айналдыру міндеті тұрғанын атады. ЖИ білім беру жүйесінде де  басымдыққа ие болып отыр. Президенттің сөзінше, ең алдымен, мектеп оқушыларына арналған ЖИ негіздері туралы материалдар дайындап, ұстаздардың жасанды интеллект технологиясын меңгеру дағдысын да қалыптастыру керек. Сонымен, ЖИ білім саласына қандай өзгеріс әкеледі? Өңірдегі білім саласына ЖИ-ді енгізудің дайындық бастамасы қалай?

Суреттерді түсірген Жангелді Әбдіғалым

ЖИ педагог орнын алмастырмайды

Жасанды интеллект педагогтің орнын алмастыра алмайды. Бұл тек кәсіби қызметін жеңілдететін сенімді әрі көмекші құрал болады. Сонымен қоса, мұғалімнің уақытын үнемдеп, шығармашылыққа көңіл бөлуіне мүмкіндік береді.  «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы ЮНЕСКО-мен бірлесіп, халықаралық тәжірибеге негізделген Жасанды интеллект курстарын әзірлеген болатын.
Қазіргі таңда еліміздегі ұстаздар қауымы осы курстан өтіп, дайындығын шыңдап жатыр. Мәселен, республика бойынша 269 мыңға жуық педагогтың 200 мыңнан астамы сертификат алды. Ал Қарағанды облысы бойынша 8689 педагог курстан өтті. «Өрлеу» ұлттық орталығы мамандарының айтуынша, бұл көрсеткіш әлі де арта түседі. Курс LMS платформасында онлайн әрі тегін. Барлық пәннің мұғалімдері курстан өте алады. «Өрлеу» ұлттық орталығының хабарлауынша, курсқа қатысушылардың белсенділігі жоғары әрі олардың 71 пайызы бағдарламаны толық меңгеріп шыққан. Сол себепті, еліміздің педагогтерді жасанды интеллект негіздеріне жаппай оқыту тәжірибесі ЮНЕСКО тарапынан жоғары бағаланып, халықаралық үлгі ретінде ұсынылыпты.

ЖИ-ді сауатты пайдалану керек

Бүгінгі Альфа ұрпақтың техникаға бейімділігі жоғары. Олар ақпаратты көз арқылы шапшаң қабылдайды. Алайда, жасқа да, кәріге де техниканы тиімді пайдалана білген жөн. Мәселен, Жасанды интеллект туындысы ChatGPT-ге АҚШ-та 13 жастағы оқушы «Са- бақтың ортасында досымды қалай өлтірсем болады?» деп «әзіл» ретінде жазғаны үшін заң алдында жауапқа тартылғанын естіген боларсыз. Жақында ChatGPT қауіпті тақырыптағы жазбаларды тиісті органдарға хабарлайтынын жеткізген еді. Біздің елімізде де мұн-дай сорақылыққа жеткізбеу үшін балалардың ойнайтын ойыны мен қолданатын бағдарламаларын білім беру мекемесінен тыс жерде де қадағалау маңызды.
Ал, білім беру саласында ЖИ-ді орынды қолдану керек. Оқу-ағарту министрлігіне қарасты Ы.Алтынсарин атындағы ұлттық білім академиясы осыған қатысты этикалық стандарттар мен академиялық ережелер дайындады.
Академия тарапынан ЖИ-ді этикалық қолдану жөніндегі нұсқаулық та әзірленген. Бұл құжат «Мұғалім – оқушыға ЖИ-ді сауатты пайдалануды үйрететін жетекші тұлға» қағидатына негізделіп жасалған.
Бүгінде жасанды интеллект біртіндеп оқу пәндеріне енгізілуде. Бастауыш сыныптарда «Цифрлық сауаттылық» және 5-сыныптан бастап оқытылатын «Информатика» пәні бар. Осы екі пәнге жасанды интеллектіге қатысты бағдарламалар қосылып, оқушылар негізгі түсініктерді меңгере бастайды. Ал жоғары сынып оқушылары жобалық жұмыстар, деректерді талдау және ЖИ негізіндегі модельдеуді үйренеді. Яғни, чат-бот құрастырып, деректерді визуализациялап, этикалық жағдайларды талдай алады. Осылайша оқу материалдары оқушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкес дайындалуда.
Оқу-ағарту министрлігі бұл жобаның тиімділігін байқау үшін әрі түзетулер енгізіп отыру мақсатында қанатқақты жоба жүргізуді қолға алды. Онда Астана қаласының мектептері мен 217 «Келешек мектебі» қамтылған.

– Жалпы, 380 мыңнан астам оқушы және 22 мыңнан астам мұғалім қатысады. Бірінші жартыжылдықта, қаңтар айына дейін белгіленген мектептерде жасанды интеллектіні енгізу басталып ке теді. Кейін қосымша эксперименттің аралық нәтижелерін ескере отырып, қаңтар-ақпан айларында қамтылатын оқушылар мен мектептердің санын біртіндеп арттыруды жоспарлап отырмыз, – дейді Оқу-ағарту министрлігі Орта білім комитетінің төрағасы Қаныбек Жұмашев.

Министрлік өкілінің мәлімдеуінше, мемлекеттік білім стандартына сай оқу барысына кез келген жаңа құралды енгізу оңай емес, ол үшін жан-жақты тексеру қажет.
Сондықтан, сабақ үстінде пайдаланатын ЖИ әлі де пысықтауды қажет етеді, қазір ол сынақ кезеңі- нен өтуде. ЖИ арқылы ақпаратты балаға ыңғайлы әдіспен жеткізуге болады. Бұл білім сапасын артты-
руға ықпал етпек. Мемлекет басшысының білім беру жүйесіне жаңа технологиялық шешімдер мен жасанды интеллектті енгізу туралы тап- сырмасына сәйкес, «Келешек мек- тептері» саналатын білім ошақтарында «Цифрлық сауаттылық» және «Информатика» пәндерінің мазмұнына жасанды интеллект
негіздеріне арналған тақырыптар енді. Мәселен, «Келешек мек- тептері» жобасының негізінде салынған Қарағандыдағы №19 жалпы білім беретін мектебінің оқу бағдарламасына АІ тақырыптары енгізілуде. Мектеп басшысы Гүлдана Ибрайкенқызының айтуынша, білім ошағы 2024-2025 оқу жылынан бастап, «Rocket AI» бағдарламасымен жұмыс істеп жатыр.

– Бұл бағдарлама мектеп үшін өте қолайлы. Оқушыларға ғана емес, ұстаздарға, тіпті, әкімшілік- ке қолдануға ыңғайлы. Мұғалімдердің жұмысын жеңілдетуге көп көмегі бар. «Келешек мектеп-
терінде» барлық жағдай жасалғандықтан, бұл бағдарламаны әрбір сабаққа, әрбір пәнге қолдана ала- мыз, – деді директор.

Барлық пәнге қолдануға болатын мұндай жасанды интеллект бағдарламалары мұғалім- дерге тақырыптық жоспар жасауға көмектеседі. Сонымен қоса, әкімшілік жұмыстарға да пайдасы тиетін көрінеді. Мәселен,
ЖИ бағдарламасы ата-аналардың өтініштеріне жауап жазады. Осы тұста айта кетерлігі, мек- теп бағдарламасына жасанды интеллект жеке оқу пәні ретінде емес, жаратылыстану-математикалық бағыттағы пәндер мен қоғамдық-гуманитарлық бағыттағы пәндер мазмұнына кіріктірілуде.
№2 Білім-инновация лицейінің информатика пәнінің мұғалімі Жақсылық Жандосов көзге көрінетін ақпаратты тез қабылдайтын ұрпаққа ЖИ-мен жұмыс істеу қиындық туғызбайтынын айтты.

– Қазір оқушылар ChatGPT мен Gemini бағдарламаларын өте белсенді пайдаланады. Оқушының зерттеу жүргізуі, іздеген ақпаратына тезірек қол жеткізуі үшін ЖИ көмегі зор. Алайда, әр нәрсенің өз әдебі болу керек. Әрине, кейбір оқушылардың үй тапсыр- масын мұндай бағдарламалардың көмегімен орындайтыны жасырын емес. Мұның тиімсіз тұсы да бар. Мұғалімдерге бұл – нағыз көмекші құрал. Біз информатика сабағында жасанды интеллект бағдарламаларын пайдаланамыз.
Canva-мен презентация жасаймыз. Сабақ барысында Google Teachers Microsoft-тың жасанды интеллект бағдарламалары камера арқылы сұрыптауды көрсете алады, мұндай тақырыптар оқушыларға қызықты, – деді Жақсылық Жандосов.

Оның айтуынша, мектеп бағдарламасына түбегейлі өзгеріс ене қойған жоқ. Кітап атауы да сол қалпы. Жақында министрлік өкіл- дері жаңа оқу жылынан бастап, «Информатика» пәнінің атауы «Информатика және жасанды интеллект» деп аталатыны айтылған еді. Пән мазмұнына айтарлықтай өзгеріс ене қоймапты. Десек те, оқушылардың технологияға тәуелді болуы білім сапасына кері әсер етуі мүмкін. Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясының директоры Нәзипа Аюбаеваның айтуынша, мектеп бағдарламасына тек ЖИ- ді пайдалану емес, сыни ойлау мен цифрлық сауаттылық модульдерін енгізу аса қажет. Сөзінше, балаларға «қалай қолдануды» ғана емес, «неге толық сенуге болмайтынын» да түсіндіру маңызды. Бұл – біз жоғарыда айтқан үй тапсыр- масы мәселесіне қатысты дүние.

«Qazaq Digital Mektebi» қандай жоба?

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Жолдауында: «Қашықтан оқыту тәсілі және жасанды интеллект технологиясы негізінде «Qazaq Digital Mektebi» атты шағын жинақты мектеп үлгісін әзірлеуіміз қажет. Мұндай платформа ауылдағы оқушыларды сапалы оқу тәсілдерімен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді», – деді.
Осы орайда Оқу-ағарту министрлігі ЖИ мен цифрлық шешім дер көмегімен шалғайдағы ауыл оқушыларына сапалы білім беруді көздейтін «Qazaq Digital Mektebi» жобасын әзірлеп жатыр. Бұл жоба білім беру инфрақұрылымын, кадрлық әлеуетті және оқыту әдістемелерін жаңғыртуға бағытталған.
Министрліктің дерегінше, бұл бағытта Ақтөбе облысында іске асырылған пилоттық жоба негізге алынған.
«Qazaq Digital Mektebi» жобасының ең басты артықшылығы – ауыл мен қала арасындағы білім теңдігін қамтамасыз етеді. Ауыл мектептеріндегі оқушыларға да заманауи құралдарды пайдалануына мүмкіндік туады. Оқушылар ЖИді бастауыш сыныптардан-ақ үйрене бастайды.
«Qazaq Digital Mektebi» жаңа жоба болғандықтан, мектептерге әлі енгізіле қойған жоқ. Облыстық білім басқармасына сұрау салған кезімізде, осындай жауап алдық. Басқарма басшысы Дулат Жекебаевтың айтуынша, аталған бастама шағын жинақты мектеп жобаларының жасанды интеллектке не- гізделген заңды жалғасы болмақ.

– Бұл жоба негізінен жасан- ды интеллект көмегімен ауыл мектептерінің білім сапасын одан әрі дамытуды көздейді. Шалғай ауылдардағы тірек мектептерге арналған жобалар біздің өңірде бұрыннан бар. Мәселен, Назарбаев зияткерлік мектептері ауылдағы білім ошақтарына әдістемелік көмек көрсетіп келеді. Шағын жи- нақты ауыл мектептері заманауи жабдықталуда. Өңірдегі 34 тірек мектебі мен 130 шағын жинақты мектеп «Ауыл мектебі – сапа алаңы» атты республикалық жобаға қосылды. Өңірімізде ЖИ-ге негізделген жаңа «Qazaq Digital Mektebi» жобасын министрлік бекіткен соң жұмысты одан әрі жалғастыратын боламыз, – деді Дулат Шайкенұлы.

Жасанды интеллект – жаһан дамуының мүмкіндігі. Бұл білім беру саласына да сыналай еніп келеді. Уақыт өте келе, ЖИ білім саласының, әсіресе, оқушылар мен ұстаздардың интеллектуалдық әлеуетін күшейтетін құралға айналмақ.

Гүлнұр СЕРІКЖАНҚЫЗЫ
«Ortalyq Qazaqstan»

Басқа материалдар

Back to top button