АймақТеміртау

Жасампаз жандарға құрмет

Құрылысшылар күні қарсаңында Теміртау қаласындағы Тұңғыш Президенттің тарихи-мәдени орталығында осынау жасампаз кәсіп иелеріне құрмет көрсетіліп, марапаттар тапсырылды.

Сурет ұйымдастырушылардан

Мерекелік салтанатты құттықтау сөзбен ашқан Теміртау қаласының әкімі Ғалым Әшімов:

– Біздің құрышшылар мекенінде қаншама тұрғын үйлер мен мәдени-тұрмыстық, өндірістік нысандардың бой көтеріп, қаланың инфрақұрымы жақсарып, күннен-күнге құлпыра түсуінде сіздердің айшықты қолтаңбаларыңыз бар. Әр нысанның іргетасын қалағаннан бастап, оның шатырын жапқанша жұмсайтын күш-жігерлеріңіз мол, – деп, теміртаулық құрылысшылардың үлкен тобының еңбегін Құрмет грамоталарымен және Алғыс хаттармен, төсбелгілермен атап өтті.

Бұл күні ілтипатқа ие болып, қошеметке бөленгендердің арасында «Теміртау Казмеханомонтаж», «Qarmet Servise», «Центрпромстрой», «Земдорстрой», «Темирстрой», «Имсталькон-Темиртау» ЖШС, тағы да бірқатар құрылыс ұйымдарының өкілдері мен Теміртау қалалық құрылыс бөлімінің қызметкерлері бар. Мәселен, Николай Криворучко бірінші дәрежелі «Еңбек даңқы» Құрмет белгісін, ал Елена Орлова мен Алексей Кен, Роза Аймолдинова оның екінші дәрежесін алды. Теміртау қаласы әкімінің Құрмет грамотасы Сергей Кушнаренко, Константин Московский, Владимир Жуков, Михаил Бойко, Игорь Габьев, Азамат Дос­мағамбетов, Әсет Баймаханов, Виталий Мишаринге беріліп, Алғыс хаттарға Иван Свиридов, Висхан Заурбеков, Максим Хохлов, Марғұлан Жуанышбеков, Мәжит Жүнісов, Игорь Валько, Асқар Ахметов, Саварбек Ғаздиев, Иван Рылкин, Марина Тимофеева, Диана Баинбаева, Нұркен Әбілдинов, Әлия Турина, Ақжол Бурханов, Марина Синицына, Светлана Саттарова мен Екатерина Смирнова ие болды.

Салтанат үстінде осы 5 тамызда қаланың оң жағалауында болған алапат өртті сөндіру кезінде жанқиярлық ерлік көрсетіп, кісі өліміне жол бермеген шымкенттік «Карат-Z» ЖШС Асылхан Балаби, Құдайберген Түркүсбаев, Нұрсейіт Дүтбаев, Жұмағали Жүнісов, Мұқағали Пернебай, Сапарғали Әбдікәрімов, ағайынды Сүндет, Нұрбол, Ербол Дүйсебаевтар, Ерғазы Нақыпбаев, Досымжан Үсенбаев сияқты 11 қызметкеріне де Алғыс хаттар табыс етілді.

Бұдан кейін сөз алған «Qarmet» АҚ бас директоры Вадим Басин мен Теміртау қалалық кәсіподақтары ұйымының төрағасы Наталия Попова құрылысшылар қауымын кәсіби мерекелерімен құттықтап, бірқатар сала қызметкеріне Құрмет грамоталарын табыс етті.

Теміртауда өткен Құрылысшылар мерекесінде жергілікті «Гюзель» би және «Берегиня» халық ән ансамбльдері, әншілер Мағауия Қуатбаев, Қарлығаш Исаева, Ардабек Октябрь және басқа да өнерпаздар ән айтып, би билеп, салтанатты кештің шымылдығын жапты.

Ержан ИМАШ,
«Ortalyq Qazaqstan»

ТЕМІРТАУ

Басқа материалдар

Back to top button