Жасампаз әлеует
Негізгі заңымыз мемлекеттің тәуелсіздігін, біртұтастығын, аумақтық тұтастығын және республикалық басқару формасын анықтап, кепілдік береді. Негізгі конституциялық қағидаттарға негізделе отырып, Қазақстанда жұмыстың прогрессивті қағидаларын, демократиялық саяси құрылысты, заң үстемдігін, негізгі адам құқықтары мен бостандықтарының баяндылығын көрсететін мемлекеттік құрылымның бірегей үлгісін жасады.
Бағдарлама құжаты ретінде Конституция қоғам мен мемлекеттің стратегиялық міндеттерін анықтайды және олардың ұзақ мерзімді дамуының векторларын белгілейді. Демек, конституциялық құрылыс – бұл динамикалық үдеріс, жаңғырудың нақты жағдайларында қажетті айтарлықтай әлеуеті болуы керек. Елдің құқықтық жүйесін жүйелі демократияландырудың айқын көрсеткішіне айналған 2017 жылғы конституциялық реформа Қазақстанның саяси өміріндегі ең маңызды оқиғалардың бірі болды. 2017 жылғы 10 наурызда ҚР Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев «Қазақстан Республикасының Конституциясына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңға қол қойды. Конституциялық комиссия дайындаған Негізгі Заңдағы түзетулер республиканың қазіргі саяси-билік жүйесін қайта құруды талап етеді. Мемлекет басшысы Парламентке және Үкіметке 35 билік өкілдігін берді. Бұл қосымшаның басты мақсаты – мемлекеттік биліктің үш негізгі институттары – Президент, Парламент және Үкіметтің жауапкершілігі мен қабілеттілігін нығайту, олардың айрықша билік өкілеттіктерін тиімді іске асыру. Конституцияға қосылған тағы бір қосымшаны атап өту керек, елде тек ұлтаралық емес, конфессияаралық келісімді бұзатын әрекеттер конституциялық емес болып саналады. Бұл Қазақстанның басты мемлекеттік басымдықтарын тағы бір рет көрсетіп, республикада түрлі этникалық топтар мен конфессиялардың бейбіт өмір сүруінің басқа да кепілдіктерін толықтырады. Осылайша, Қазақстанның конституциялық дамуының келесі кезеңінің мәні – саяси жүйені демократияландыру, конституциялық құндылықтарды қорғау механизмдерін дамыту, сондай-ақ, сот және мемлекеттік басқару негіздерінен тұрады.
Аталған конституциялық реформа Қазақстан Республикасының саяси-құқықтық және экономикалық дамуының стратегиялық құжаттарында Президент белгілеген Қазақстан жаңғыруының маңызды құраушыларының бірі болып табылады. Қоғамның және мемлекеттің әлеуметтік-экономикалық, әлеуметтік-мәдени, саяси өміріндегі объективті өзгерістер заңды түсіну, қалыптастыру арқылы қоғам және мемлекет өмірінің барлық салаларын одан әрі дамытудың қажетті негізін қалыптастырады.
Қазақстанда азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын, заңдылықты, құқықтық тәртіп пен тұрақтылықты қамтамасыз етуге кепілдік беретін Конституцияда жарияланған ең жоғары құндылықтарды жүзеге асырудың құқықтық механизмдері жасалды. Негізгі заңға тән шығармашылық әлеуетті іске асырудың тиімді механизмдерінің бірі – Президент қоғамдық сананы жаңғыртудың қағидаттарын анықтаған «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасы. Бағдарлама ұлттың жаңа дүниетанымын қалыптастыруға, оның рухани дамуына, азаматтық қоғамның және конституциялық құндылықтарды нығайтуға бағытталған.
Конституцияның қоғамға әсер ететін айтарлықтай аксиологиялық әсерін ескере отырып, «Рухани жаңғыру» егемен Қазақстанның конституциялық дамуының 25 жылдық тәжірибесіне негізделген ерекше перспективалық жолын анықтайды. Бағдарлама, ең алдымен, Қазақстан халқының дәстүрлі рухани құндылықтарын жандандыруға және нығайтуға, Конституцияда бекітілген қазақстандық патриотизм, ұлттық сәйкестік, қоғамдық келісім сияқты негізгі ұлттық идеология айналасында қоғамды біріктіруге бағытталған. Бағдарламаның ең маңызды басымдығы жаһандану және әлемнің технологиялық жаңартуларымен туындаған қазіргі заманғы жағдайларын, тәуекелдер мен талаптарды ескере отырып, үдемелі эволюциялық дамуға назар аударады. Рухани мұраны ұлттың өзін-өзі анықтау ядросы ретінде сақтау жаһандық бәсекеге қабілеттілікті, рационалды прагматизмді және меритократиялық қоғамның қағидаларын кеңейтумен қатар жүруі керек. Негізгі Заңда анықталған жеке тұлға, қоғам және мемлекет қауіпсіздігінің қағидаттары интернационализацияның негізі болып табылады. «Туған жер» және «Қазақстанның киелі жерлерінің географиясы» жобалары аясында қазіргі заманғы әлеуметтік-құқықтық құндылықтар жүйесі, оның негізі тәуелсіздік, патриотизм және ұлттық мүдделер жүйесі дамыды. Белгілі болғандай, конституциялық нормалар қоғамымыздағы түрлі әлеуметтік-саяси субъектілер мүдделерінің теңгерімін қамтамасыз ету, жалпы мүдделермен үйлесімділік, ортақ игілікке қол жеткізу үшін жасалған. Халықтың мәдени-тарихи өмірінің негіздерін зерттеуге және сақтауға, ұлттық мәдениеттің интеграциялық рөлін нығайтуға бағытталған «Туған жер» бағдарламасы жасөспірімдердің шығармашылық құндылықтарының басымдықтарын қалыптастыруға үндейді. Сананы жаңғырту Қазақстан Конституциясымен кепілдендірілген саяси тұрақтылықты, азаматтық бейбітшілікті, әлеуметтік және ұлттық келісімді қамтамасыз етудегі ең маңызды фактор.
Елбасының ойынша, жаңғыртудың тиімді факторларының бірі қазақ тілін латын әліпбиіне көшіру болуы тиіс, оның мемлекеттік тіл ретіндегі мәртебесі Ата Заңымыз арқылы бекітілген және кепілдік берілген. Латын графикасына көшу Қазақстанның қазіргі заманғы ақпараттық және цифрлық және ғылыми-коммуникативті кеңістікке интеграциялануын тездетеді, латын әліпбиімен жұмыс істеу әлемдік мәдениет пен ғылымның озық жетістіктеріне неғұрлым тиімді қолжетімділікті қамтамасыз етеді. Латын графикасын енгізу компьютерлік сауаттылық, шет тілдерін білу, мәдени ашықтық секілді жаһандық бәсекеге қабілеттіліктің негізгі алғышарттарын жасауға бағытталған. Латын әліпбиі негізінде қазақ тілін реформалау мемлекеттік тілдің әлеуетін дамытуға бағытталған, ол Конституция негізінде құрылған мемлекеттіліктің үлгісінің және ұлттық біртұтастықты дамыту мен нығайтудың құралы болуға тиіс.
Қазақстандықтардың жаңа ұрпағын қалыптастыру, білімге құштарлықты, мәдени және әлеуметтік ұтқырлықты, бейімделу мен ашықтықты нығайту қажеттілігі өткен тарих пен бүгінгі күннің объективті көзқарасын, ұлттық өзін-өзі тануды, қазіргі заманғы жаһанданған әлемдегі Қазақстанның ролін қалыптастыруға қабілетті әлеуметтік және гуманитарлық білімнің дамуына ерекше көңіл бөлді. Әлеуметтік-гуманитарлық саладағы 100 үздік оқулықты қазақ тіліне аудару жобасы жас ұрпақты тәрбиелеудің маңызды құралы болып табылады, ең танымал, заманауи білімге қол жеткізуге мүмкіндік береді, студенттерді білім саласындағы жаһандық бәсекелестікке дайындайды. Бүгінгі таңда философия, әлеуметтану, психология, экономика және басқа да пәндер бойынша әлемдік алтын қордағы кей кітаптар тікелей қазақ тіліне тәржімаланды. Аталған оқулықтар жоғары оқу орындарының кітапханаларына келіп түсті. Алдағы оқу жылынан бастап әлем елдерінің үздік интеллектуалды еңбектерін білім алушылар оқи алады. Сонымен қатар, жоба шеңберінде аударылған кітаптардың электрондық нұсқасы қазақстандықтарға қолжетімді болды.
Жалпыхалықтық референдумда қабылданған тәуелсіз Қазақстанның Конституциясы елдің әлеуметтік өркендеуі мен орнықты демократиялық дамуының негізіне айналды. Қоғамымыздың тұрақты мақсаттары мен перспективалық тарихи үрдістерін қалыпты түрде бекіту арқылы Негізгі Заң мемлекет пен қоғамның әрі қарайғы өзгерістерінің қоғамдық үдерістерін басқарады. Шын мәнінде, жаңа әлемдік көзқарастың шоғырландырылған көрінісі, Конституцияның нормалары мен қағидаттары қоғамдық сананы жаңғыртудың қазіргі заманғы үдерістеріндегі заңды дамуын қарастырады.
Еркін КӨБЕЕВ,
Е.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінің ректоры,
заң ғылымдарының докторы, профессор.