Жаңалықтар

Жас жұбайлар өз таңдауын жасады

Балқашта №15 Әлихан Бөкейхан атындағы мектеп-лицейінде орналасқан №179 референдум учаскесінде жас жұбайлар дауыс берді. Конституциялық түзетулер бойынша республикалық референдумға қатысты пікірлерін білдірді.


АХАТ бөлімінен шыққан бойда референдум учаскесіне жол тартқан Алиасқар мен Томирис Барекаевтар жалпыхалықтық референдум күні отбасын құрғанына ерекше қуанышты. Олар жұртпен бірге кезекке тұрып, өз таңдауларын жасады.
–Бұл күн біз үшін ерекше, есте қалатын ғажайып күн. Біріншіден, бүгін біз еліміздің болашағына дауыс берсек, екіншіден, өмірлік жар ретінде бір-бірімізді таңдап, отбасын құрып жатырмыз. Еліміз үшін аса маңызды қадам болып табылатын референдумға келіп дауыс бергеніміз үшін өте қуаныштымыз. Еліміз тыныш, Отанымыз аман болсын! – дейді Алиасқар Барекаев.
Саяси науқаннан тыс қалмаған жас жұбайлар өз қуаныштарын атап өтпестен бұрын референдумға қатысу басты міндетіміз дейді.

Нұрдос КӘРІМ.
БАЛҚАШ қаласы.

Басқа материалдар

Back to top button