Жаңалықтар

Жас жұбайлар таңдау жасады

Отбасылық өмірдің табалдырығын енді аттаған Саввели Жохов пен Анна Пяхно жүздері балбұл жанып, №191 сайлау учаскесіне келгендердің бәрін ерекше сезімге бөледі. Естен кетпес бұл күннің сайлаумен тұспа-тұс келуі жас жұбайлардың қуанышын еселей түсті. Өйткені, өмірлік жар ретінде серігін таңдаған жастар бүгін бірігіп, ел ертеңі жолында маңызды қадам жасады.

– Сайлау күні отау құрып жатқанымызға қуаныштымыз. Осынау саяси күні біз алғаш рет өз таңдауымызды жасадық. Ел сенімін ақтайды деген үміткерлерге дауыс бердік. Бұл біздің ертеңгі күніміз, келешегіміз үшін жасап отырған қадамымыз, оң таңдауымыз деп білеміз. Жаңа Қазақстан үшін дауыс бердік, – дейді жас жұбайлар.

Шаңырақ көтерген Саввели Жохов Балқаш сервис колледжінің студенті көрінеді. Ал, Анна Пяхно болса, оқуын тәмамдап жұмыс істеп жүр екен.

Нұрдос КӘРІМ

БАЛҚАШ қаласы

Басқа материалдар

Back to top button