Бас тақырыпЖаңалықтар

Жас техниктер жеңіске жетті

Астана қаласында АҚШ, Болгария, Қырғызстан, Өзбекстан, Әзірбайжан және басқа да 350-ден астам елден келген жас өнертапқыштардың басын қосқан «Robotek Grand Tournament” халықаралық турнирі өтті. Аталмыш турнирде Осакаров ауданының оқушылары Диас Кенжебаев пен Аслан Сансызбаев алтын медальға ие болды. Олардың құрастырған робот-баскетболшы жұмысы қазылар алқасының талқысынан сүрінбей өтіп, жас техиктер «робобаскетбол» бағытында топ жарған.

Сурет: GOV.KZ

Байқау шарттары бойынша белгілі бір өлшемдерге сай келетін робот құрастыру қажет болды. Содан кейін құрастырылған робот допты сақинаға дәл лақтыратындай етіп бағдарламалау керек. Менің оқушыларым бұл тапсырманы өте жақсы орындады, сол үшін оларға “робобаскетбол” санатында бірінші орын берілді, – дейді Осакаров ауданы № 8 орта мектебінің физика пәнінің мұғалімі және робототехника үйірмесінің жетекшісі Сұлтан Темірбай.

Ілияс ДҮНГЕНБАЙҰЛЫ.

Басқа материалдар

Back to top button