Жас сарбаздарға жауынгерлік қару табысталды
Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланы «Орталық» өңірлік қолбасшылығына қарасты 5451 әскери бөлімінде жас толықтыруға жауынгерлік қару табыстаудың салтанатты рәсімі өтті.

Іс-шара әскери қызметшілердің Әскери ант қабылдауынан кейін ұйымдастырылды. Бұл — сарбаздарға штаттық атыс қаруын бекітіп берудің міндетті шарты. Қару тапсыру рәсімі әскери өмірде айрықша орын алады және қызметтің жауапты кезеңінің басталуын, сондай-ақ мемлекеттің жас Отан қорғаушыларына артқан сенімін білдіреді.

Салтанатты шараның терең тарихи тамыры бар. Ол ұрпақтар сабақтастығын, үздік жауынгерлік дәстүрлерді және Отан қорғау ісіндегі өткен мен бүгіннің ажырамас байланысын айқын көрсетеді.
Жас сарбаздарға әскери бөлім басшылығының өкілі қолдау сөзін сөйледі. Ол өз сөзінде әскери қызметшілерге жалпыәскери жарғылар талаптарын қатаң сақтау, берілген қаруға ұқыпты қарау және қызметтік міндеттерді орындауға әрдайым дайын болу қажеттігін еске салды.

– Қару алу – бұл тек құрмет қана емес, сонымен қатар жоғары жеке жауапкершілік. Сіздер әскери қызметті абыроймен атқарып, әскери шеберлікті меңгеріп, әскери бөлім мен Ұлттық ұланның даңқты дәстүрлерін арттырасыздар деп сенемін, – деді ол.
Маңызды оқиғамен жас әскери қызметшілерді сондай-ақ қызмет ардагерлері мен құқық қорғау органдарының өкілдері құттықтады. Олар сарбаздарға мықты денсаулық, тәртіп, қызметті сәтті өткеру және ашық аспан тіледі.
Айта кетейік, жеке құрамға қаруды бекіту тәртібі ішкі қызмет жарғысымен қатаң регламенттелген. Қару алған сәттен бастап әрбір әскери қызметші оған жеке жауапкершілік көтереді.
«Орталық» өңірлік қолбасшылығы ҚР ІІМ Ұлттық ұланының баспасөз қызметі



