АймақЖаңалықтар

Жас сарбаз жарқын болашақ үшін таңдау жасады

Приозерск қаласындағы №227 референдум учаскесінде 06708 әскери бөлімінің сарбазы Айдынғали Есенғалиұлы дауыс беріп, өз таңдауын жасады. Жас сарбаз референдумға қатысу – әр азаматтың ел алдындағы жауапкершілігі екенін атап өтті.

Сурет автордан

– Мен ел болашағы үшін өз таңдауымды жасадым. Әр азамат еліміздің ертеңіне бейжай қарамай, осындай маңызды саяси науқанға қатысуы керек деп ойлаймын, – дейді Айдынғали Есенғалиұлы.

Айдынғали Есенғали 2006 жылдың 12 желтоқсанында Алматы қаласы, Алатау ауданында дүниеге келген. Орта білім алып, Алматы техникалық колледжін тәмамдаған. Бүгінде Отан алдындағы борышын абыроймен атқарып, 06708 әскери бөлімінде әскери қызметін өтеп жүр.
Айта кетейік, жас сарбаздың референдум учаскесіне келіп, өз таңдауын жасауы – ел болашағына деген жауапкершіліктің, азаматтық белсенділіктің айқын көрінісі. Ел қорғаны болып жүрген сарбаздардың да мемлекет өміріндегі маңызды саяси науқанға белсенді қатысуы – Отанға деген адалдықтың белгісі.

Нұрдос КӘРІМ
«Ortalyq Qazaqstan»

ПРИОЗЕРСК

Басқа материалдар

Back to top button