Жас отбасына қамқорлық

     Жақында 52859 әскери бөлі­мін­­де тұңғыш орын алған оқиға бол­ды. Оңтүстік Қазақстан облысының Шымкент қаласындағы, Түлкібас ауданынан әскерге шақырылған Аблай Ыбрай атты жас сарбаздың Ақерке Айтқұл атты қалыңдығы, жұбайының жаңа әскери ұжымымен танысып, өздерінің Қазақстан Республикасының заңды түрде отбасы екенін растайтын «Неке куәлігін» бөлім командирінің қолынан алды.

     Неке куәлігін тапсырған әскери бөлім командирі полковник Әрлен Бүркітбай барлық жеке құрам алдында жастарға отбасы маңызын түсіндіріп, құттықтауын жеткізді.

Б.ОМАРОВ, сержант,

52859 әскери бөлім клуб бастығы.

ҚАРАҒАНДЫ қаласы.

Пікір қалдыру

Сіздің e-mail жарияланбайды. Толтырылуы міндетті *

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.