Жаңалықтар

Жас отбасы сәбиімен келіп дауыс берді

Приозерск қаласында тұратын жас отбасылар өз таңдауын жасап жатыр. Солардың бірі жас отбасы Болашақ Батырханов пен Толғанай Қайратқызы №260 сайлау учаскесіне жас сәбилерімен келіп, дауыс берді.

–Еліміз үшін маңызды шараға баламыз кішкентай болса да арнайы келдік. Ерте тұрып, маңызды күн болған соң осында бірден бет алдық. Барлық қазақ елін осындай маңызды күні атсалысуға шақырамын. Әр адамның дауысы маңызды, – дейді отағасы Болашақ Батырханов.

Нұрдос КӘРІМ

ПРИОЗЕРСК қаласы

Басқа материалдар

Back to top button