Жас офицерлермен үш күндік жиын өтті
17-19 маусым аралығында Орталық өңірлік қолбасшылығының 5451 әскери бөлімінің аумағында Ұлттық ұлан Академиясының биылғы түлектері қызмет етуге келген жас офицерлермен үш күндік оқу-әдістемелік жиынын өткізді. Жиынды Орталық өңірлік қолбасшылығының жауынгерлік басқармасының бастығы полковник Бағдаулет Оспанбеков басқарды.
Жиын барысында сардарлар әскери қызметке кірісер алдын өңірдің жауынгерлік қызметімен танысып, теориялық білімін практикаға ұштастырды. Әдістемелік жиын барысында жас командирлер жауынгерлік қызметті ұйымдастырып, жеке құраммен сабақ өткізді.
Жиынның соңғы күнінде Орталық өңірлік қолбасшылығының қолбасшысы генерал-майор Сакентай Шекарбеков 32 сардармен өткізілген жұмысты қорытындылау үшін барша басшылық құрамымен таныстырды.
– Әскери саланың қыр сырын толық меңгеріп, іштегі тәртіпті қатаң сақтау қажет. Әрі бір-біріңді жатсынбай, бір үйдің баласындай болыңдар. Сонымен қатар, қызмет барысында заңдылық талаптарын ұстану міндетті, – Сакентай Амантайұлы.
Өңірлік қолбасшылықтың жеке құрамы үш жыл қатарынан жоғарғы әскери оқу орнын үздік тәмамдаған түлектерден тұрады. Атап айтсақ, 2022 жылғы лейтенант Данила Горбуль (қазіргі аға лейтенант), 2023 жылы лейтенант Өміржан Тілеген, 2024 жылы Абылайхан Айтуаров алғашқы офицер «лейтенант» шенін Қарулы күштердің Жоғарғы Бас қолбасшысы Қасым-Жомарт Тоқаев басқарған шарада иеленген болатын. Бүгінде олар өз тәжірибелерін Орталық өңірлік қолбасшылығының әскери бөлімдерінде пысықтап келеді.
Шара соңында жас барбаздарға Ұлы Отан соғысының батыры, Халық Қаhарманы Бауыржан Момышұлы мен ротмистр Валентин Кульчинскийдің «Командирдің күнделігі» жинағын тапсырды.
Алияр ДҮЙСЕНБАЙ,
ҚР Ұлттық ұланы Орталық өңірлік қолбасшылығының баспасөз қызметкері.