Білім

Жас өнертапқыштар бәсекесі

Жыл сайын облыста оқушылардың өнертапқыштық және шығармашылыққа деген қызығушылығын қалыптастырып, ойын дамытуға бағытталған  «ITEENS» білім беру Хакатоны өткізіледі. Биыл аталмыш іс-шара жалғасын тауып, 10-16 жас санат аралығында  5 бағыт бойынша өткізілді. Оған аймақ бойынша 123 оқушы қатысып, бағын сынады. 

Сурет: ұйымдастырушылардан

Байқаудың іріктеу кезеңі  24 наурызда өтті. Ал, облыстық кезеңнен жолдама алған оқушылар екінші, яғни, 31 наурызда өтетін республикалық кезеңге жолдама алды. Республикалық кезең – «ШАГ» Компьютерлік академиясының базасында өткізілмек.

Байқау қорытындысы бойынша, «Программалау» бағытында бақ сынаған  Теміртау қалалық №31 жалпы білім беретін мектептің оқушысы Азамат Әлиханов, «Дарын» мамандандырылған мектеп-лицей интернатының оқушысы Жазира Өміртаева, Қарағанды қаласы 101 мектеп-лицейінің оқушысы Даниил Хуснуллин республикалық кезеңге жолдама алды. Сонымен қатар, Осакаров ауданы №12 базасындағы тірек мектебінің оқушылары Никита Гринко мен  Софья Ладнер, аудандағы №9 гимназия базасындағы тірек мектебінің оқушысы Константин Калашников келесі кезеңге өтті.

«3D модельдеу бағыты» бойынша Абай ауданы, А.Байтұрсынов атындағы мектеп-гимназияның оқушысы Тұрсынбай Нұрислам, А.Байтұрсынова атындағы мектеп-гимназиясынан Мөлдір Еркенова, М.Мамраев атындағы жалпы білім беретін орта мектен Азиз Азат, Теміртаудағы №31 мектептен Никита Рындин, Шахтинск қаласы, Ә. Бөкейханова атындағы мектеп-лицейінен Бекет Есентай, Н.Нұрмақова атындағы мамандандырылған мектеп-интернатынан Ислам Жанат, Қарағандыдағы Г.Потанин атындағы мектептен Курус Денис, №48 мектептен Кирилл Григоренко, №101 мектеп-лицейінен Руслан Огай республикалық кезеңге жолдама алды.

2D дизайны бағыты бойынша №86 мектептен Жұмаділдин Рамазан, Қ. Сәтбаев атындағы мектеп-гимназиясынан Алан Амалатов, «Мұрагер» мамандандырылған мектеп-лицей интернатынан Ералы Орал, Ж. Тәшенов атындағы орта мектептен Мансұр Кубылаев, № 22 мектептен Михайл Коваленко, Б.Момышұлы атындағы орта мектептен Крамер Кристина, Н.Әбдірова атындағы мектептен Эвелени Қоңыр, Сарандағы №1 мектеп-лицейінен Гузев Вадим мен №6 мектептен Роман Мишутин жеңімпаз атанды.

«Ойындарды құрастыру» бағытында Қарағандыдағы №2 мектеп-лицейінің оқушысы Әмірлан Ғабдуллин, С.Сейфуллин атындағы гимназиядан Жасмин Гарифуллина мен Мансұр Нұржанов жеңіске жетті.

«WEB-дизайн» бағыты бойынша да үздіктер анықталды.  Қарағандыдағы №2 мектеп-лицейінен Эдвард Игнатьев, «Озат» мамандандырылған мектеп-лицей интернатынан Мансұр Ноғаев, №1 Гимназиядан Жанторе Шерьязданов, №68 мектептен  Алексей Самойлов, Теміртаудағы №9 мектеп-лицейінен Мирас Болат пен Осакаров ауданының №9 гимназия базасындағы Тірек мектебінен Никита Катсапов келес кезеңге жолдама алды.

Ербол ЕРБОЛАТ,

Оrtalyq.kz

Басқа материалдар

Back to top button