Жаңалықтар

«Жас мемлекеттік қызметші мектебі» жобасының қатысушыларымен кездесу өтті

Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Қарағанды облысы бойынша департаменті мемлекеттік қызмет басқармасының басшысы Д.Абдрахманов «Жас мемлекеттік қызметшілер мектебі» (Таланттар пулы) жобасының қатысушыларымен кездесу өткізді.

Суреттер ұйымдастырушылардан

Кездесудің мақсаты – жастарды мемлекеттік қызметке тарту, тестілеу кезеңіне дайындыққа бағыт-бағдар беру және мемлекеттік қызметтің артықшылықтары мен өзгерістерін түсіндіру болды.

Шара барысында мемлекеттік қызметке кіру тәртібіндегі жаңашылдықтар, оның ішінде конкурссыз жұмысқа орналасу мүмкіндіктері туралы ақпарат берілді.

Кездесу соңында жас буынға сәттілік тілеп, оларды мемлекет игілігі үшін қызмет етуге шақырды.

Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің

Қарағанды облысы бойынша департаменті 

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button