Жаңалықтар

Жас мамандарға арналған ипотекалық бағдарлама басталды

Қарағанды қаласында бүгінгі күннен бастап жас мамандарға арналған ипотекалық бағдарлама басталды. Биылғы жылы бұл жоба пилоттық режимде іске асырылатын болады. Бұл туралы өңірлік коммуникациялар алаңында өткен брифинг барысында Қарағанды облысының жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқармасының басшысы Біржан Әлімжанов мәлімдеді.

«Жеңілдікпен несие берудің жаңа бағдарламасы Қарағанды облысының жас мамандарын қолдауға бағытталған. Бұл 35 жасқа дейінгі жастардың тұрғын үй мәселелерін шешуге бағытталған облыстағы алғашқы бағдарлама.» – деді Біржан Әлімжанов.

Ипотекалық бағдарламаны іске асыруға 1,5 млрд. теңге қаржы бөлінді. Оның 1 млрд. облыстық бюджеттен қарастырылса, 500 млн «Отбасы банк» АҚ қаржыландырады.

  1. Жастар ипотекасына қатысу шарттарын мына сілтемеге өту арқылы көруге болады.
  2. Ал, конкурсқа қатысу үшін қандай талапқа сай болу керектігін бұдан бұрын жариялағанбыз. Оны мына сілтемеден көре аласыздар.
  3. Бағдарламаға қандай саланың мамандары қатысады? Бұл туралы толық ақпарат мына сілтемеде.

Басқа материалдар

Back to top button