Мемлекет басшысының жас мамандарды қолжетімді баспанамен қамтамасыз ету тапсырмасын орындау мақсатында биыл Теміртау қаласының əкімдігі «Отбасы банк» АҚ-мен бірлесіп, алғаш рет арнайы жеңілдікті тұрғын үй ипотекалық бағдарламасын іске асырды.
Осы мақсаттарға жергілікті бюджеттен 200 миллион теңге жəне «Отбасы банк» тарапынан 100 миллион теңге бөлінді.
Конкурстық іріктеу нəтижелері бойынша бастапқы бетте 20 жас маман баспаналы болды. Оларға тұрғын үй сертификаттарын елордамыздың ширек ғасырлық мерейтойы қарсаңында Теміртау қаласының əкімі Ораз Тəуірбеков салтанатты жағдайда табыс етті.
Алдағы уақытта да қала əкімдігі «Отбасы банкпен» бірлескен түрде аталған бағдарламаны жүзеге асыруды жалғастырады.
Ержан ИМАШ,
ТЕМІРТАУ
Ortalyq.kz