Жас кәсіпкерлер референдумнан шет қалмады
Әлихан Бөкейхан атындағы ауданның №167 референдум учаскесінде жас кәсіпкер Қозыбаева Сымбат Амангелдіқызы өз таңдауын жасап, республикалық референдумға қатысып, дауыс берді. Ол ел өміріндегі маңызды саяси науқаннан тыс қалмай, өзінің азаматтық ұстанымын білдірді.

Жас кәсіпкердің айтуынша, мұндай маңызды сәтте белсенділік таныту – әр азаматтың борышы. Сондықтан, ол бүгінгі күні дауыс беруге арнайы келіп, ел болашағына қатысты шешім қабылдауға үлесін қосуды жөн көрген.
– Мен бүгін елдің жарқын болашағы үшін өз дауысымды беруге келдім. Жауапты сәтте белсенділік таныту – қанға сіңген қасиет. Қарағанды қаласында кәсіпкерлікпен айналысамын. Бүгінгі таңдауымның менің, баламның және тұтас елімнің болашағына пайдасы тиеді деп сенемін, – дейді Сымбат Аманкелдіқызы.
Қоғамның белсенді бөлігі саналатын жас кәсіпкерлер де республикалық референдумнан шет қалмай, ел тағдырына қатысты маңызды шешім қабылдау үдерісіне белсенді түрде қатысуда. Олар өз таңдауларын жасап, үнемі азаматтық жауапкершіліктің үлгісін көрсетіп келеді.
Мұндай белсенділік қоғамдағы азаматтық сананың жоғары екенін көрсетеді. Ел болашағына бейжай қарамайтын азаматтардың көп болуы – мемлекет дамуының маңызды кепілі.
Жас кәсіпкерлердің референдумға қатысуы олардың тек экономикалық салада ғана емес, қоғамдық-саяси өмірде де белсенді екенін аңғартады.
Жәлел ШАЛҚАР
Ortalyq.kz



