Спорт

Жас голболшылардың жеңіске жетті

Қазақстанда алғаш рет 21 жасқа дейінгі жасөспірімдер мен қыздар командалары арасында голболдан республикалық чемпионат өтті. Астанада өткен чемпионатқа Алматы мен барлық облыстың құрама командалары қатысты. Ал, осы чемпионатта алғаш рет бақ сынаған облыс құрамасы І орын иеленіп қайтты.

Суреттер: облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасынан

Голбол – көру қабілеті бұзылған жандардың командалық ойыны. Ойын ережесіне сәйкес, әр командада үш ойыншыдан болады. Олар арнайы қоңырауы бар доппен ойнайды. Яғни, қоңырау дауысының көмегімен қақпасына гол жібермеуі қажет. сәйкесінше, қарсылас команда гол соғуы керек. Бұл спорт түрі 1946 жылы екінші дүниежүзілік соғыс ардагерлерін оңалту мақсатында ойлап табылған ойын. Бүгінде Паралимпиада ойындарының бағдарламасына енгізілген.

Қарағандының жастар командасы мұндай ірі турнирлерге алғаш рет қатысуы. Соған қарамастан алғаш рет ұйымдастырлып отырған чемпионаттық ақтық кезеңіне өткен. Ақтық кезеңде жерлестер Алматы қаласының құрамасымен кездескен. Нәтижесінде, жеңіске жетіп, облыс қоржынына алтын медаль салды. Сонымен қатар, қарағандылықтар жастар ұлттық құрамасына кіруге мүмкіндік алды. Әрі халықаралық деңгейдегі турнирлерде бақтарын сынамақ.

Ербол ЕРБОЛАТ,
Ortalyq.kz

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button