Жас дарынның жарқын жеңісі
Қазақстандық оқушылар Солтүстік Македониядағы Балқан математикалық олимпиадасында танымал болды. Беделді халықаралық жарыста ел құрамасы зияткерлік додаға қатысу тарихында ең үздік нәтижені көрсетіп, екінші орынды иеленді. Қоржында – төрт алтын, бір күміс және бір қола.

Дарынды оқушы табандылық пен еңбектің жемісін беретінін дәлелдеді. Мирас Кеңесбек қола медаль жеңіп алды.
Бұл оның алғашқы жетістігі емес. Биыл Мирас география мен математикадан республикалық олимпиадада үздіктердің қатарына енді.
Балқан жасөспірімдер арасындағы математика олимпиадасы (JBMO) 1997 жылдан бері өткізіліп келеді және 16 жасқа дейінгі оқушылар үшін ең күрделі жарыстардың бірі болып саналады. Қазақстан JBMO-ға 2004 жылдан бері қатысып келеді және тұрақты түрде көшбасшылар үштігіне кіреді.
Аяулым СОВЕТ,
«Ortalyq Qazaqstan»