Жас дарындар жүлдемен оралды
Астана қаласында жаратылыстану-математикалық цикл пәндері бойынша XVII Президенттік олимпиадасы өткен болатын. Оған өңірден сегіз оқушы қатысып, үшеуі жүлдемен оралды. Әрі жоғарғы оқу орындарына грант жеңіп алды.
Аталған олимпиада үш кезеңнен өтті. қатысушылар төрт пәннен тест тапсырған. Нәтижесінде Сарандағы №1 лицейінің 11-сынып оқушысы Алина Көпбаева, Қарағандыдағы Ы.Алтынсарин атындағы мектеп-лицейінің 11-сынып оқушысы Артем Михайлов пен Қ.Сатбаев атындағы гимназияның 11-сынып оқушысы Алексей Ким ІІІ орын иеленді.
Одан бөлек, «Дарын» ММЛИ 11-сынып оқушысы Варвара Давыдова Оқу-ағарту министрлігінің құрмет грамотасымен марапатталды. Сонымен қатар, Артем Михайлов пен Алексей Ким жоғары оқу орнының грантына ие болды.
Ербол ЕРБОЛАТ,
Ortalyq.kz