Жас батырларды еске алды
ҚР Ұлттық ұлан «Орталық» өңірлік қолбасшылығы 2022 жылы елімізде орын алған қаңтар оқиғасы кезіңде қаза тапқан Мадияр Қайсаров пен Айбат Амановты еске алды. Ұландықтар батырларды ұлықтауға арналған іс-шараны бір минут үнсіздікпен еске алудан бастады. Сондай-ақ, әскери қызметшілерге Айбат Аманов пен Мадияр Қайсаровтың ерлігін үлгі етті.
– Елдегі қауіпсіздікті қамтамасыз ету барысында қаңтар айындағы жаппай тәртіпсіздік кезінде Ұлттық ұланның екі әскери қызметкері қаза тапқан болатын. Жас сарбаздар өз өмірін өлімге тігіп, халықтың тыныштығы мен әл-ауқаты үшін қойылған міндеттерді батылдықпен орындады. Батырларымыздың рухы Ұлттық ұланның әрбір әскери қызметшісі мен сарбаздарының жанында мәңгі сақталады, – деді «Орталық» өңірлік қолбасшылығының қолбасшысы генерал-майор Сакентай Шекарбеков.
Естеріңізге сала кетсек Айбат Аманов пен Мадияр Қайсаров қаңтар оқиғасы кезіңде ерлікпен қаза тапқан болатын. Сол іс-әрекеттері үшін қайтыс болғаннан кейін Айбын ІІІ деңгейдегі орденімен марапатталды.
Бақдәулет МАНАРБЕКҰЛЫ,
ҚР ҰҰ «Орталық» ӨҚ Баспасөз қызметкері.