Жаңалықтар

“Жас барыс” турнирінің жалауы желбіреді

Тәуелсіздіктің 30 жылдығы аясында Қарағандыда қазақ күресінен облыстық «Жас барыс» турнирі өтуде.

Жарыстың ашылу салтанатына облыстық ішкі саясат басқармасының басшысы Ерлан Құсайын, облыстық дене шынықтыру пен спорт басқармасының басшысы Темірхан Абылаев және желтоқсан оқиғасына қатысушылар қатысып, жарыс жолындағы балуандарға сәттілік тіледі.

Жарыста облыстың аудан-қалаларынан 300-ге тарта балуан бақ сынауда. Жеңіс тұғырынан көрінген жүлдегерлер 6-7 желтоқсан күндері Өскемен қаласында өтетін республикалық турнирге жолдама алады.

Қасымхан ҒАЛЫМ.

Басқа материалдар

Back to top button