Спорт

Жас балуандар жарады

    Жуырда Сәтбаев қаласында дзюдо күресінен өткен ашық біріншілікте Жезді кентінің жасөспірімдері жақсы жетістіктер көрсетті.

Мәдени-сауықтыру орталығының жаттықтырушылары Д.Әлімбаев пен Б.Алшынбектің шәкірттері, №6 қазақ орта мектебінің оқушысы 48 келі салмақ дәрежесінде Аяулым Бексұлтан мен аралас мектеп-интернатының оқушысы 38 келі салмақ дәрежесінде Арай Елімбай ІІІ орынды еншіледі. Ұлдар арасында мықтылық танытқан 34 келі салмақ дәрежесінде Нұрхан Қуатбек ІІ орынды иеленді.

Алма САРЫҚЫЗЫ.

ЖЕЗДІ кенті.

Басқа материалдар

Back to top button