Спорт

Жас балуандар бақ сынады

Сарышаған кентінің жас балуандары Приозерск әкімінің кубогына арналған қазақша күрестен ұйымдастырылған турнирді жеңіспен аяқтады. Аталмыш турнирге облыстың бес өңірінен 120-дан астам спортшы қатысты.

Сурет: ұйымдастырушылардан

Приозерск қаласының әкімінің кубогы жыл сайын өткізіледі. Биылғы турнир он бір салмақ дәрежесінде өтті.

‒ Жастардың спортқа деген сүйіспеншілігін ояту қажет. Шыңдарды бағындырыңыздар, чемпион болыңыздар және біздің керемет Қазақстанымызды дәріптеңіздер, ‒ деді Приозерск қаласының әкімі Сапар Сатаев.

Турнир 10 сағаттан астам уақытқа созылған. Жалпыкомандалық есепте Сарышаған командасы – І орын, Приозерск құрамасы – ІІ орын, мойынтылықтар – ІІІ орынды иеленді.

Турнирге Сарышаған кентінен 40-қа жуық жас балуан келген. Олардың алтауы – алтын медаль жеңіп алған.

‒ Тәлімгерлерім жақсы нәтиже көрсетті. Жалпы командалық есепте бірінші орынға шығып, бір қуанып қалдық. Енді біз Қазақстан чемпионатына дайындалып жатырмыз, ‒ деді Сарышаған балуандарының жаттықтырушысы Бертілек Хуанған.

Ербол ЕРБОЛАТ.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button