АймақҚарағанды

Жас ғалымдардың жаңа ордасы

Қарағанды облысының Қазақстан халқы Ассамблеясы қамқорлығымен Жас ғалымдар клубы құрылады. ҚХА ғылыми-сараптамалық тобының жанынан ашылатын клуб бірегей азаматтық институттың 30 қызметін дәріптеуге бағытталған іс-шаралар қатарында.

Сурет облыс әкімдігінің сайтынан

– Бұл клуб білім алмасу, ғылыми бастамаларды дамыту және жас зерттеушілерді қолдау үшін тұғырнамаға айналады. Біз жоғары оқу орындарының ғалымдарымен кездесетін боламыз. Әркім өзінің ғылыми мүддесі бойынша жұмыс істейді. Дегенмен, ҚХА тақырыбына жақын болу керек. Яғни, ғылыми-практикалық қызмет мәселелері, этномәдени бірлестіктердегі атмосфераны зерттеу, – деді Қарағанды облысы ҚХА ғылыми-сараптамалық тобының жетекшісі Вилен Молотов-Лучанский Достық үйінде өткен отырыста.

Ол клубтың ережесін таныстырып, оның міндеттері мен жоспарлары туралы айтты.

Ал, «Ассамблея жастары» республикалық қоғамдық бірлестігінің басшысы Тимур Жұмырбаев жастарды ғылыми және қоғамдық қызметке тартудың маңыздылығын, сондай-ақ, жас ғалымдардың өңір мен жалпы елдің дамуындағы рөлін атап өтті. Ол жас мамандардың кәсіби өсуіне жағдай жасау ҚХА жұмысының басым бағыттарының бірі екеніне де тоқталды.

ҚХА-ның 30 жылдығына орай Қарағанды облысында республикалық ақсақалдар кеңесі, меценаттар форумы, қайырымдылық акциялары жоспарланған.

Үкіметтің қаулысымен «Бейбітшілік пен келісім жолындағы 30 жыл» ҚХА мерейтойын өткізу жөніндегі республикалық іс-шаралар жоспары бекітілді.

Салтанат ІЛИЯШ,
«Ortalyq Qazaqstan»

Сурет ұйымдастырушылардан

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button