Басты тақырып

Жарылғапов турнирі: шартараптан – шаршы алаңға

    Қарағандыда Қазақ КСР-нің еңбек сіңірген жаттықтырушысы Ғалым ЖАРЫЛҒАПОВТЫ еске алуға арналған XXХIV Халықаралық бокс турнирі мәреге жетті. Сәрсенбіде жалауы көтерілген турнир жексенбіде қорытындыланды.

Жарылғапов турнирі – мықтылар ұстаханасына айналған бәсеке. Алғаш Ғалекең қайтқан 1984 жылы ұйымдастырылған турнирде кейін есімі спорт көгінен орын алған боксшылар күш сынасты. Санамалай берсек, саусақ жетпейді… Василий Жиров, Болат Жұмаділов, Ермахан Ыбырайымов, Аркадий Топаев, Игорь Шишкин, Анатолий Александров, Олег Маскаев, Бекзат Саттарханов, Бақтияр Артаев, Геннадий Головкин, Серік Елеуов, Серік Сәпиев сынды күрзі жұдырықты жігіттер бұл турнирде бірнеше мәрте чемпион атанған.

Турнирге құрметті қонақтар қатарында әр жылдары келген меймандардың да атағынан ат үріккендей…

Мәселен, 1999 жылы екі дүркін Олимпиада чемпионы, кубалық Феликс Савон, Атланта Олимпиадасының чемпионы Майкро Ромео, Барселона Олимпиадасының чемпионы Хуан Эрнандес турнирдің ашылу салтанатына арнайы келді.

Алдыңғы жылы және былтыр кәсіпқой боксшылар арасындағы абсолютті чемпион, Олимпиада ойындарының күміс жүлдегері америкалық кіші Рой Джонс турнирдің мәртебелі меймандары қатарынан көрінді.

Биылғы додада Үндістан, Қырғызстан, Өзбекстан және Тәжікстаннан келген боксшылармен қатар, еліміздің барлық өңірлерінен іріктелген сайыпқырандар сайысқа түсті. Қыздар бес салмақ дәрежесі бойынша мықтыны анықтаса, ерлер жағы он салмақ дәрежесінде сынға шықты. Шаршы алаңға көтерілген өрендер жанкүйер көпшілікке тамаша сәттер мен ұмытылмас көріністер сыйлады.

«Жастар» спорт кешенінде өткен турнирдің жабылу салтанатына облыс әкімі Ерлан Қошановпен бірге Серік Сәпиев, Дмитрий Карпов, Нұрғазы Жарылғапов қатысты. Финалдық кездесулер осы күні өтті. Қарсыласынан айбынын асырып, жеңіске жеткен жүлдегерлер марапатталды. Отыз төртінші мәрте түйінделген турнирдің басы-қасында жүрген Нұрғазы Жарылғаповтың еңбегін атап өтпеске болмас. Әке есімін ардақтап, жадыларда жаңғыртуда Нұрекеңнің үлесі қомақты.

Қарағандылық боксшылар бұл турнирде 9 медальға қол жеткізді. Айжан Ходжабекова, Ақниет Балтабаев, Азамат Нүркен чемпион атанса, Виолетта Князева, Рустем Баешев, Рустем Шауменов, Наурызбек Сағымбеков, Рустам Галямов, Дмитрий Зиско жүлдегерлер қатарынан орын алды.

Сонымен, қорытынды есепке көз жүгіртсек…

 

Қыздар.

51 келі.

І орын – Жайна Шекербекова (ОҚО);

ІІ орын – Айгерім Қасенаева (Астана);

ІІІ орын – Ақерке Хусайнова (Алматы), Махаббат Тоқмағамбетова (Қостанай облысы).

 

54 келі.

І орын – Ранов Пархатова (Алматы);

ІІ орын – Аида Тұяқбай (ОҚО);

ІІІ орын – Динара Жамирова (Алматы), Ферангиз Хошимова (Өзбекстан).

 

57 келі.

І орын – Сәния Сұлтанқызы (Астана);

ІІ орын – Дәметкен Келімбет (Қызылорда облысы);

ІІІ орын – Владислава Кухта (Қостанай облысы), Едгорой Мирзаева (Өзбекстан).

 

60 келі.

І орын – Айжан Ходжабекова (Қарағанды облысы);

ІІ орын – Карина Ибрагимова (Ақмола облысы);

ІІІ орын – Жанна Серікова (Қостанай облысы), Шаира Зұлқайнарова (Тәжікстан).

 

75 келі.

І орын – Аида Оңдаш (Қызылорда облысы);

ІІ орын – Виолетта Князева (Қарағанды облысы);

ІІІ орын – Амина Аманқұл (ОҚО), Ақерке Бақытжан (Қызылорда облысы).

 

Ерлер.

49 келі.

І орын – Кумар Какара (Үндістан);

ІІ орын – Мирлан Туркбайуулы (Қырғызстан);

ІІІ орын – Әлішер Айтхожанов (Алматы облысы), Дулат Даутов (Қызылорда облысы).

 

52 келі.

І орын – Ақниет Балтабаев (Қарағанды облысы);

ІІ орын – Бағдат Толыбаев (Жамбыл облысы);

ІІІ орын – Әзиз Санатбаев (Қызылорда облысы), Абдулла Кучкаров (Өзбекстан).

 

56 келі.

І орын – Оразбек Асылқұлов (Ақмола облысы);

ІІ орын – Шерхан Сүгірбек (Жамбыл облысы);

ІІІ орын – Абылай Сайлаубеков (Павлодар облысы), Рүстем Шауменов (Қарағанды облысы).

 

60 келі.

І орын – Шүкіржан Рахимов (Өзбекстан);

ІІ орын – Каучик Маниш (Үндістан);

ІІІ орын – Хасен Азизбеков (ШҚО), Асылхан Ұзақбаев (Атырау облысы).

 

64 келі.

І орын – Азамат Нүркен (Қарағанды облысы);

ІІ орын – Асқар Ерубек (Алматы облысы);

ІІІ орын – Мирасали Сәрсенов (Жамбыл облысы), Мирас Ертанов (Алматы облысы).

 

69 келі.

І орын – Абду Абдурахманов (Қырғызстан);

ІІ орын – Демежан Сайдағали (Алматы);

ІІІ орын – Фазлиддин Мелибоев, Ислом Турсунбоев (екеуі де – Өзбекстан).

 

75 келі.

І орын – Жүсіп Қуандық (Қызылорда облысы);

ІІ орын – Амандық Манашев (Атырау облысы);

ІІІ орын – Жангра Мандип (Үндістан), Аман Қазанғапов (Жамбыл облысы).

 

81 келі.

І орын – Шаббос Негмагуллоев (Өзбекстан);

ІІ орын – Казим Мардонов (Өзбекстан);

ІІІ орын – Рустам Галямов, Наурызбек Сағымбеков (екеуі де – Қарағанды облысы).

 

91 келі.

І орын – Танвар Наман (Үндістан);

ІІ орын – Нұрлан Сабыров (Маңғыстау облысы);

ІІІ орын – Жамшид Абдуллаев (Өзбекстан), Артем Пчеляков (Қостанай облысы).

 

+91 келі.

І орын – Сатиш Кумар (Үндістан);

ІІ орын – Рустем Баешев (Қарағанды облысы);

ІІІ орын – Дархан Ерғали (Алматы облысы), Дмитрий Зиско (Қарағанды облысы).

Нұрқанат ҚАНАФИН

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button