АймақБас тақырыпНұра

Жараспайда – жаңа арка

Мемлекет басшысының бастамасымен қолға алынған «Таза Қазақстан» экологиялық бағдарламасы аясында Нұра ауданындағы елдімекендерді абаттандыру мен көркейту жұмыстары жүйелі түрде жүргізілуде. Аталған бағдарламаның жүзеге асуы барысына аудан әкімі Бақытжан Мұқанов апталық ақпараттық жиналыста үнемі тоқталып, оның маңыздылығын айтып отырады.

Сурет ortcom.kz

Ауылдық округтерде тұрақты өткізілетін сенбіліктер мен санитарлық тазалық акциялары өңір басшысының назарынан түспейді. Бұл жұмыстар елдімекендердің тазалығы мен көркем келбетін сақтауға, сонымен бірге, тұрғын халықтың экологиялық мәдениетін арттыруға бағытталған.

Елдімекендерді көркейту шеңберінде орындалған игілікті істердің бірі – Жараспай аулына кіре берісте орнатылған арка. Бұл істің бастамашысы да, жүзеге асырушы да «Жараспай» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің басшысы С.Қоңырбаев. Арканың құны – 5 миллион теңге. Ол аталған серіктестіктің есебінен өтелді. Ауылдың ажарын ашып, тұрғындардың мақтанышына айналған нысан өскелең ұрпақты патриоттық сезімге тәрбиелеп, рухын көтеретіні анық.

Өңір басшысы Б.Мұқанов мұндай азаматтық бастамаға алғыс білдіре отырып, өзге шаруашылық жетекшілерін де туған ауылдарының дамуына белсене қызмет етуге шақырды. 

Ермек БАЛТАШҰЛЫ

Басқа материалдар

Back to top button