Нұра

Жараспайда – дәуір жетістігі

  Нұра ауданындағы Жараспай ауылы «Beeline» ұялы байланысына қол жеткізді. Ел ағасы, «Жараспай» серіктестігінің директоры Сейілхан ҚОҢЫРБАЕВ ауылдастарының арманын орындады.

Ел қамын ойлаған азамат серіктестіктің тапқан-таянғанын өз сандығына емес, ел мүддесіне жұмсайтын білікті басшы екенін тағы бір мәрте танытты. «Beeline» байланысын орнату жолында «Кар-Тел» серіктестігімен құны 16 млн. теңге болатын келісім-шарт жасап, ауылға ХХІ ғасыр байланысын жеткізді.

Бүгінгі интернеттің әмірі жүріп тұрған дәуірде ұялы байланыссыз отыру мүмкін емес. Бұл  күнде тәй-тәй басқан баладан, таяқ ұстаған қарияға дейін байланыстың осы түріне жүгінуде.

Елбасы «Цифрлы Қазақстан» жобасын жүзеге асыру туралы міндеттер жүктеді. Аталған бағытта 2020 жылға дейін Қазақстанның екі жүзден астам тұрғыны бар елді мекендерінде интернет желісі орнатылуы тиіс. Шаруасы шалқыған жараспайлықтар бұл істі бүгіннен қолға алуда.

Т.ПІШЕНБАЕВА.

НҰРА ауданы.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button