Жарайсың, Әмина!
Жақында Елордамызда жас жеткіншектер арасында ІІІ республикалық «Ел жүрегі – Астана» мүшәйрасы өтті. «Тәуелсіз ел жастары» қоғамдық қорының төрағасы Бауыржан Айткәрімовтің ұйымдастыруымен өткен мүшәйрада республикамыздың түпкір-түпкірінен келген талантты оқушылар Астананы жырға қосты. Жиырма жылдағы жетістіктерді көркем тілмен жеткізе білді.
Жыр додасында К.Байсейітова атындағы мектептің оқушысы Әмина Зекен І орын жеңімпазы атанды. Мектебіміздің мәртебесін асқақтатты. Оған қоса, Әмина биылғы оқу жылында «Орталық Қазақстан» газетінің балалар қосымшасы – «Балбөбектің» тілшісі дипломымен марапатталып мектебін бір қуантса, Алматы қаласында өткен Фариза ақынның өлеңдерін мәнерлеп оқудан жүлделі оралған болатын.
Журналист болуды армандайтын оқушымыздың бойынан қазақтың сөз өнеріне деген құрметін көреміз. Өнерің өрлей берсін!
Б.ЫНТЫҚБАЕВА,
К.Байсейітова атындағы мектеп базасындағы Тірек мектебі директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары.
АҚТОҒАЙ ауданы.