Шет

Жарайсың, Ақжол!

     Денсаулық – адам баласының баға жетпес қазынасы, өмірінің тірегі. Дені сау азамат болу үшін спортпен айналысу керек. Мектебіміздің дене тәрбиесі пәні мұғалімі Ш.Кемешов оқушыларды спортқа жүйелі түрде баулып келеді. Оның ішінде, дзюдо және қазақша күрес үйірмесін ашып, жас жеткіншектерді қанаттандырды. Сабақтан кейін жас жеткіншектер бос жүрмесін деп кіші топ, ересектер тобы деп екі топқа бөлді. Жақында Құлайғыр мектебінде өткен «Адамзаттың асыл тәжі» атты Мәуліт мерекесіне орай ұйымдастырылған қазақша күрестен өткен турнирде Ақжол Беріков 60 кг салмақта – I орын иеленді. Ақжолға бұдан да биік белестерден көріне бер демекпіз.

Айдана СӘУЛЕБЕК,

Красная поляна орта

мектебінің қазақ тілі пәні мұғалімі.

ШЕТ ауданы.

Басқа материалдар

Back to top button