Жарқын болашақ үшін
Дауыс берушілердің қатарында еңбек ардагері Мария Авельянова да бар. 92 жастағы ардагер Қарағандыдағы №11 сайлау учаскесіне келіп, өз таңдауын жасады.
Аталмыш учаскеге сағат 13:00-дегі жағдай бойынша 751 адам дауыс берген. Учаскелік сайлау комиссиясының хатшысы Күлайым Абзалдың берген мәліметі бойынша жағдай — тұрақты.
— Таңертең ертерек келемін деп ойлағанмын. Алайда шамалы сырқаттанып, орнымнан енді тұрдым. Еліміздің жарқын болашағы үшін өз таңдауымды жасадым. Қазақстан — көпұлтты мемлекет. Солардың ауызбіршілігі үшін, жас ұрпақтың келешегі үшін дауыс бердім! — деді Мария Михайловна.
Ербол ЕРБОЛАТ