Жаңалықтар

Жарқын болашақ бастауы

    Елбасымыз үштұғырлы тіл саясатын енгізіп, жас буынның орыс және ағылшын тілдерін жетік меңгеруіне жағдай жасауды міндеттеді. Оның бір айғағы Президентіміз өзінің бір Жолдауында «бәсекеге барынша қабілетті елу елдің қатарына қосылу үшін алдымен тілдік бәсекеге де төтеп берудің алғышарттарын бүгіннен бастап қолға алған жөн» деген болатын.

    «Үштұғырлы тіл» саясатын жүзеге асыруда педагогтерге жүктелер міндет зор. Осы ретте біздің шағын орталығымызда Қазақстан Республикасының білім туралы Заңын жүзеге асыру арқылы білім алушыларға тілді жетік меңгерту бағытында ауқымды жұмыстар атқарылуда. Балаларды азаматтық пен елжандылыққа, отансүйгіштікке, салт-дәстүрді сақтауға, қазақ халқының және елімізде тұратын ұлттардың мәдениеті мен тарихына құрметпен қарауға баулуға барынша ден қоюдамыз.

    Бірінші кезекте қазақ тілінің қолдану аясын кеңейтіп, мәртебесінің жоғарылауына жағдай жасау қажет деп санаймын. Ата-бабаның бүгінгі ұрпаққа аманаты – ұшса құс қанаты талатын кең байтақ жеріміз бен асыл қазынамыз – ана тіліміз. Сондықтан «Тіл жоғалса – ұлт та жоғалады» деген нақыл әрдайым санамызда сайрап тұруы керек.

    Осы мақсатта Новоузенка ЖББОМ- де үлкен жұмыстар басталып кетті. Қазақ, ағылшын, орыс тілі мамандары жұмыс жоспарын құрып, әр бағытқа бөлініп, тілді меңгерту сабақтарын бастап кетті.

    Еліміз жаңа даму кезеңінде дүниежүзілік аренаға шығып, басқа елдермен саяси-экономикалық, мәдени қатынастарды қалыптастыруы, азаматтарымыздың шетел тілін білуіне талап қойылып отыр. Бабаларымыз «бір тіл білген бір адам, екі тіл білген екі адам» деп бекерге айтпаса керек. Баянды болашақты таңдаймын деген адам бүгінгі көш керуенінен қалмауы тиіс.

Ж.ТОҚСАНБАЕВА,

Новоузенка жалпы білім беретін орта мектебінің қазақ тілі пәні мұғалімі.

БҰҚАР жырау ауданы.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button