Бас тақырыпЖаңалықтар

Жапониядан жүлдемен оралды

Қарағандылық каратешілер Жапонияның Тояма қаласында өткен халықаралық турнирде 16 медаль жеңіп алды. Әлемнің ең мықты спортшылары бақ сынасқан байрақты бәсекеде жерлестеріміз Жапония, Ресей, Германия, Корея өкілдерінен басым түсіп, 6 алтын медальды қанжығаларына байлады.

Сурет: спорт басқармасынан

Қарағанды карате мектебі өзін жақсы көрсетті. Біз 6 алтын медаль ұтып алдық. Бұл өте жақсы нәтиже. Енді қараша айында Австралияда өтетін Әлем кубогына дайындалмақпыз. Оған қарағандылық 5 спортшы іріктеліп алынды. Жылдың басты жарыстарына барынша дайындалып жатырмыз, – деді Қарағанды облысының кекушинкай карате федерациясының басшысы Тимур Райымбеков.

Тимур Райымбековтің өзі де халықаралық турнирде алтын медаль жеңіп алды. Түрлі пәндер бойынша Илья Опалев, Амира Райымбекова, Жанетта Сұлтанова бірінші орын алса, Владимир Гриневецкий ката мен кумитте екінші орыннан көрінді.

Күміс және қола жүлдеге Думан Балтабай, Амира Райымбекова, Аружан Маден, Виктор Кузнецов, Әсем Шәугенбай, Жанетта Сұлатнова, Милослав Парфенов қол жеткізді.

Ілияс ДҮНГЕНБАЙҰЛЫ.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button