Бас тақырыпБасты тақырып
Жапония төріндегі жеңіс: 8 жасар Томирис Қазақстанды танытты
Қарағандылық 8 жастағы Томирис Дүйсенбай Жапонияда өткен халықаралық балалар шығармашылығы фестивалінде жеңіске жетіп, Қазақстанның намысын лайықты қорғады.

Атап айтсақ, Томирис Дүйсенбай Mitsubishi Asian Children’s Enikki Festa 2024 – 2025 халықаралық балалар шығармашылығы фестивалінде жеңіске жетті. Фестивальде 24 елдің балалары өнер көрсетті. ТМД-ның елдері арасында жалғыз қатысушы атанған Томирис бас жүлдені жеңіп алды.
Байқауда балалар күнделік беттеріндегі иллюстрациялар форматы арқылы басқа халықтардың мәдениетін зерттеу кезіндегі өз сезімдерін көрсетті. Көзқарасымен ел жастарының бірегейлігін тағы бір рет атап көрсеткен ол Қазақстан түрлі мәдениеттер тоғысқан көпұлтты ел екенін айғақтады.
Аяулым СОВЕТ