Жаңалықтар

Жансыз бақылау – айыптауға негіз

Қарағанды облысында ережеге бағынбайтын тойхана иелері тәулік бойы арнайы камера назарында болмақ. Жедел әрекет ету орталығының мамандары көшеде орналасқан бейнекамералар көмегімен кісі қарасы көп жиналған мекендерді дереу мобильді бақылау тобына жеткізіп отырады.

Қазір облыс бойынша 3 мыңнан астам көше бейнебақылау камераларының 30-ға жуығы мейрамхана, тойханаларға жақын орналасқан. Тек шілде айының өзінде ғана осы қырағы камералар арқасында карантин талаптарын бұзған 250 адам жауапқа тартылған. Той десе арқасы қозатындар енді бақылау камераларына не демек екен? Сенбі, жексенбі күндері той жасатып, табыс таба қояйын деген қос қабатты жеке жайлар мен тойхана қожаларының құлағына алтын сырға. «Құдайы жасап, немесе атамызға ас беріп жатырмыз» деп сылтау соғар той иелерінің таспаға түскендегі алға тартар айғағы қандай болмақ? Жансыз камера тойшыл қауымның мұңын тыңдауға қауқарсыз. Тойхана иелері коммуналдық төлем, өзге қарыздарын қалай өтейтіндігін кімге айтып ақталмақ енді?

Басқа материалдар

Back to top button