Жаңалықтар

Жандос Өмірәлиев: «Ағаш сату үшін орманға қасақана өрт қоюы мүмкін»

Бас прокурордың орынбасары Жандос Өмірәлиев Абай облысындағы өрттің негізгі себептерін айтты, деп хабарлайды Ortalyq.kz stan.kz сайтына сілтеме жасап.

– Бірінші нұсқа аясында орманды қасақана өртеу әрекеті тексеріліп жатыр. Яғни ағашты сату мақсатында осындай қылмыс жасалуы мүмкін. Екіншіден, адами фактор салдарынан өрттің таралуы нұсқасы бар. Ал, үшінші нұсқада табиғи сипаттағы фактордың әсері қаралады. Үш нұсқаның барлығы тексеріледі, – деді Жандос Өмірәлиев.

Ол бір ай бұрын «Семей орманы» қорығының бұрынғы басшыларына қатысты сот шешімдері шыққанын атап өтті. 

– Директор мен оның орынбасары жүйелі түрде пара алып, орман өнімдерін сатумен айналысқан. Олар 10 жылға бас бостандығынан айырылды, – деді прокурордың орынбасары.

Басқа материалдар

Back to top button