Жаңалықтар

Жанашырлыққа жан риза

Адам өміріндегі игі істерінің бірі – мұқтаж жандарға қамқорлық жасау. Таяуда Қарағанды банк колледжінде «Экономика және құқық» кафедрасының ұйымдастыруымен қайырымдылық акциясы өтті.

Акцияның мақсаты – студенттер арасында сыйластық қарым-қатынастарын дамыту. Оған мұрындық болған колледждің кафедра оқытушылары Д.Үмбетов, Т.Нұрғалиев және СР-22 тобы студенттері. Колледж ұжымы облыстық жастар саясаты басқармасы жанындағы «Жастар ресурстық орталығы» арқылы Қарағанды қаласының тұрғыны, еңбек ардагері, зейнеткер Мағрифа Сейілованың үйіне барып, қайырымдылық көрсетті. Акция барысында студенттер өздері дайындаған тағамдарын сатылымға шығарды. Әзірленген тағамдардың дәмділігінен жәрмеңкеде өнімдер тез арада сатылды. Акциядан жиналған 30000 теңге Қарағанды облысының балаларға арналған психоневрологиялық мемлекеттік медициналық – әлеуметтік мекемесіне аударылды. Колледж ұжымы игі істерді дәстүрге айналдырып, жүзеге асыра береді.

Ж. ЖАНАТАЕВА,

Қарағанды банк колледжі У-21 тобының студенті.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button