Бас тақырыпЖаңалықтар
Жанарбек Әшімжан: «Құрылтай – қазақ тарихында салмағы бар ұғымдардың бірі»
Бурабайдағы Ұлттық құрылтайдың алғашқы секциялық отырысы өтіп, «AMANAT» партиясының мүшесі, Мәжіліс депутаты Жанарбек Әшімжан байыпты басқосудың мәні мен маңызына қатысты пікір білдірді.


«Құрылтай – қазақ тарихында салмағы бар ұғымдардың бірі. Сонау ертеректе бабалар баталасқан осындай басқосулар өтетін еді. Сол игі дәстүр Тәуелсіздік дәуірінде заңды жалғасын тауып, саяси платформаға айналды. Ұлытау төрінен бастау алған Құрылтай, міне Бурабай төрінде жалғасып отыр. Оның негізгі миссиясы – мемлекеттік билік пен азаматтық қоғамның консолидациясы. Осы алаңда егемен ел ретіндегі стратегиялық бағыт-бағдарымыз, тұжырымдамаларымыз айқындалады», – деді депутат.
Материалды әзірлеген: Ілияс ДҮНГЕНБАЙҰЛЫ.