Ресми
Жамаладен Ибрагимов: Ата Заңның преамбуласындағы құндылықтар, еліміздің халықаралық құқықтағы тұғырнамасын бекітеді
Жаңа Ата Заңның преамбуласындағы құндылықтар еліміздің халықаралық құқықтағы ұстанымын нығайтады. Бұл туралы заң ғылымдарының докторы, Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті конституциялық және азаматтық құқық кафедрасының профессоры Жамаладен Ибрагимов айтты. Оның айтуынша, қазіргі таңда Қазақстан халықаралық аренада Орта держава ретінде өз орнын қалыптастырып келеді. Жаңа Конституция преамбуласында бекітілген құндылықтар елдің өзге мемлекеттермен және көрші елдермен тату әрі сындарлы қарым-қатынас орнатуға бағытталғанын көрсетеді.

«Қазірдің өзінде біздің еліміз әлемде Орта Держава ретінде орын алып үлгерді. Жаңа Конституцияның преамбуласында белгіленген құндылықтар еліміздің басқа мемелекеттермен және көршілермен татуластығын көрсетпек»,- деді заң ғылымдарының докторы, Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті конституциялық жəне азаматтық құқық кафедрасының профессоры Жамаладен Ибрагимов.
Материалды әзірлеген Аяулым СОВЕТ



