Жаңалықтар

Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясы Мәжіліске өткен депутаттардың тізімін таныстырды

Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясы Парламент Мәжілісіне өткен депутаттардың тізімін таныстырды, деп хабарлайды ortalyq.kz ҚазАқпарат сайтына сілтеме жасап.

Сурет: ҚазАқпарат сайтынан

Атап айтқанда, 19 наурызда өткен сайлауда. Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясына 5,20% немесе 331 058 адам дауыс берді. Осы орайда бұл партияға 4 мандат тиесілі болды.

Партияның саяси кеңесінің шешімі бойынша тізімге мына адамдар енді:

Нұрлан Әуесбаев;

Асхат Рахымжанов;

Ажар Сағандықова;

Наурыз Сайлаубай.

– ЖСДП-ның партиялық тізімі 19 кандидаттан тұрғанын атап өтеміз. Олардың бәрі кандидаттарға қатысты ҚР заңнамасы талаптарына сай келеді,-делінген партияның баспасөз қызметі таратқан хабарламада.

Сегізінші сайланған Қазақстан Республикасы Парламентінің бірінші сессиясы 2023 жылғы 29 наурызда сағат 10.00-де өтеді.

Басқа материалдар

Back to top button