АймақБас тақырыпҚарағанды

Жалпықалалық сенбілік: 420 тонна қоқыс шығарылды

Қарағанды қаласында өткен жалпықалалық сенбілік аясында Қазыбек би атындағы аудан әкімдігінің ұжымы да белсенділік танытып, туған қаланың тазалығы мен көркеюіне өз үлесін қосты.

Суреттер ұйымдастырушылардан

Тазалық – бұл тек коммуналдық қызметтердің міндеті емес, бұл – әрбір азаматтың ортақ жауапкершілігі. Осы қағиданы басшылыққа алған Қазыбек би ауданы әкімдігінің қызметкерлері сенбілік барысында белгіленген аумақтарды қоқыстан тазартып, көгалдандыру және абаттандыру жұмыстарына атсалысты.

Іс-шараға қатысушылар қоғамдық орындар мен жаяу жүргіншілер аймақтарын ретке келтіріп, санитарлық тазалықты қамтамасыз етуге күш салды. Мұндай ортақ еңбек қаланың эстетикалық келбетін жақсартып қана қоймай, тұрғындар арасында экологиялық мәдениетті қалыптастыруға ықпал етеді.

Жалпықалалық сенбіліктің Қарағанды қаласы бойынша қорытындысы төмендегідей:

— 300 ұжым қатысты;

— 3800 адам жұмылдырылды;

— 60 арнайы техника тартылды;

— 7000 гектар аумақ тазартылды;

— 1 заңсыз қоқыс үйіндісі жойылды;

— 420 тонна қатты тұрмыстық қалдық шығарылды.

Кең ауқымды тазалық жұмыстары нәтижесінде шаһар аумағы айтарлықтай жаңарып, экологиялық ахуалды жақсартуға нақты қадам жасалды.

Аида РАХЫМҚҰЛОВА

Ortalyq.kz

Басқа материалдар

Back to top button